Әлем • 30 Қазан, 2019

Кеңестің кезекті басқосуы

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вашингтонда (АҚШ) Америка-Орталық Азия сауда және инвестиция­лар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Түрікменстан, Ауғанстан министрлері (бақылаушы мәртебесі), Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Пәкістан министрлерінің орынбасарлары (бақылаушы мәртебесі), сондай-ақ АҚШ Сауда өкілі кеңсесінің басшылығы қатысты.

Кеңестің кезекті басқосуы

Қазақстан делегациясын Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев бастап барды. Ал ТИФА іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде ТИФА Басқарушы кеңесінің, АҚШ-тың екіжақты жұмыс топтарының – ТИФА елдерінің кеден, санитарлық және фитосанитарлық стандарттар, зияткерлік меншік құқықтары, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ халықаралық электронды сауданы дамыту мәселелері бойынша жұмыс топтарының отырыстары өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар ТИФА отырыстарының алаңы Орталық Азиядағы экономикалық ахуалды жақсартуға, екіжақты, өңірлік жә­не жаһандық сауданы, сондай-ақ инвестициялық мүмкіндіктерді кеңей­туге ықпал ететінін атап өтті. Соны­мен қатар күн тәртібі аясында Ауған­-
станға ТИФА кеңесінің толық құқылы мүшесі мәртебесін беруге қа­тысты мәселе талқыланды. Алай­да бұл мәселені талқылау келесі оты­рыс­қа ауыстырылды.

ТИФА отырысы аясында Қ.Төре­баев АҚШ Конгресінің конгресс­мендері және стафферлерімен екіжақ­ты кездесулер өткізді. Тұрақты қалып­­ты сауда қатынастарын орнату, Қа­­зақстан тауарларына қатысты АҚШ-тың преференция жүйесін қолда­нуды қайта қарау, сондай-ақ сауда экспансия­сы туралы АҚШ заңы­ның 232-бөлімі бойынша шаралар қолданылуына байланысты Қазақ­стан Республикасын алып тастау мақ­сат­ында біздің елімізге қатысты АҚШ-тың Джэксон-Вэник түзетуін жою жө­ніндегі мәселелер талқыланды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025