Кәсіпқой бокс • 30 Қазан, 2019

Рейтингтегі жағдайлары жақсарды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі күні Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жеткен қазақтың гүрзі жұдырықты жігіттері Boxrec рейтингіндегі жағдайларын едәуір жақсартты.

Рейтингтегі жағдайлары жақсарды

Бірінші раундта-ақ өзбекстандық Мұ­хит­дин Раджапбаевты ауыр соқ­қылардың астына алып, меселін қайтарған Арман Рысбек (78 кило) бірден 325 сатыға жоғарылады. Қазіргі кезде ол өз дивизионында 201 орынды иеленуде. Украиналық Ярослав Мануйловты ұтқан Сапарбай Айдаров (74 кило) 526 сатыдан 356 орынға көтерілді. Бұл бәсекеде төрешілердің бар­лығы да біздің жігіттің жеңгенін бірауыздан мойындады. Осы­ған дейін Руслан Мырсатаев (+91 кило) Boxrec рей­тингінде 191 орынды қанағат тұтып келгені белгілі. Беларусь өкілі Юрий Быховцевтен басым түскеннен кейін ол 114 сатыға жайғасты.

Ал сол кештің басты жекпе-жегінде Намибиядан келген Уолтер Каутондокваны аса тартысты бәсекеде ұпай санымен жең­ген қандасымыз Қанат Ислам 12 сатыға жоға­рылап, бұл күндері 17 орынды иеленуде.