Жеңіл атлетика • 30 Қазан, 2019

Бас бапкер ауысты

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама коман­дасының бас бапкері міндетін танымал спортшы Дмитрий Карпов атқаратын болды.

Бас бапкер ауысты

Бұл спортшының есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. 38 жастағы қарағандылық он сайысты серік етіп, халықаралық додаларда көптеген биік белестерді бағындырды. Атап айтсақ, Афина Олимпиадасында қола медальды мойнына ілді. 2003 және 2007 жылдарда өткен әлем чемпионаттарында үшінші орынға табан тіреді. Доха мен Гуанжоудағы Азия ойындарында алдына жан салмаса, Пусанда қолаға қол созды. Азия чемпионы деген атағы тағы бар. Гран-при турнирлерінде сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ Карпов Қазақстан мен Азия рекордын бірнеше рет жаңартты.