Ауыр атлетика • 30 Қазан, 2019

Даңқты Храпатыйды еске алуда

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Нұр-Сұлтанда ауыр атлетикадан КСРО-ның және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған турнирдің шымылдығы түрілді.

Даңқты Храпатыйды еске алуда

А.Храпатый 1963 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді. 82,5 кило, 90 кило және 99 кило салмақ дәрежелерінде өнер көрсеткен ол 1988 жылы Сеул Олимпиадасында бас жүлдені олжалап, 1996 жылы Атланта Олимпиадасында күміс медальды иеленді. 1985-1995 жылдар аралығында әлемнің бес дүркін чемпионы атанып, тағы екі мәрте қола жүлдені еншіледі. Еуропа біріншілігінде бес рет топ жарып, Азия ойындарында екі мәрте екінші орынға табан тіреді. Дүниежүзілік рекордтарды да бірнеше рет жаңартты. Алайда, атақты спортшының өмірі келте болды – 2008 жылдың 11 тамызында Ақмола облысы аумағындағы Аршалы кенті маңында жол апатына ұшырап, қаза тапты. Ол небәрі 45 жаста еді...

Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған айтулы жарыс бірнеше күнге созылып, 3 қарашада өз мәресіне жетеді.