Руханият • 30 Қазан, 2019

Күлкі керуені № 9

4273 рет көрсетілді

 

*Шетел әзілі

ЖҮРЕК ЖАРДЫ СӨЗ

Есікті орта жастағы кербез келіншек ашты. Тұла бойында бір мін жоқ болса да, көз жанарында мұң бар.

— Кеш жарық, хабарландыру бойынша келіп едім, — деп едім:

— Бәрекелді! Бір хабары болатынына сенімім бар еді. Қалай өзі? Сый-сияпатыңыз дайын. Дін аман болар, көңіл-күйі нешік? Табылғанына құлдық! — деп, жанары күлімдеп бет-ажарына қан жүгіріп жайраңдап шыға келді.

— Кешіріңіз, итіңіз табылған жоқ, — деп едім, маған алара қарап, қуанышы су сепкендей басылып еңсесі түсіп, аянышты қалыпқа енді. Түріне қарап оның итінің жоғалғанына бір өзім кінәлідей сезіндім. —Табылып қалар, мен тілектес адамның бірі есебінде — табылуына септігі тиеме деп оның мұндағы хал-жағдайы, қадір-қасиеті сияқты қасиеттерін білейін деп келіп едім, — деп міңгірлеген болдым.

Мүләйімсіп мүжілген, еңсе түсіп езілген. Айтуы бойынша: «ұйқы қашып, ас батудан қалған». Қайтсін, бала да сол, бауыр да сол, ба... да сол.

...Тербетіле теңселіп ұйқы соғар арнайы жасалған шет елдің төсек-креслосына нән суретін іліп қойыпты.

...Итінің кішігірім арнайы тоңазытқыштағы мұрты бұзылмаған тамақ-сауқатын көріп жұтқыншағым жұтынып, ішек-қарным сыр ете қалған соң жаба қойдым.

...Жеке салынған кең де керемет жуынар шұңқыры... Сабын, тарақты айтпағанда шампунның неше түрін табасың...

Қожайынының халі қабырғамды қайыстырып, тереңнен адами сезімім бұлқыныс беріп:

— Мен-ақ итіңіз болайыншы! —деп жүрек жарды сөзімді айтып қалыппын.

 

Александр ЙОТОВ

Соңғы жаңалықтар

Ардагерлер азайып бара жатыр...

Қазақстан • 07 Мамыр, 2021

Елбасы және Қазақстан армиясы

Елбасы • 07 Мамыр, 2021

Бублик Карцевті қапы қалдырды

Теннис • 07 Мамыр, 2021

Мереке күндер жаңбырлы болады

Ауа райы • 07 Мамыр, 2021

Футбол: «Челси» финалға шықты

Футбол • 07 Мамыр, 2021

Амманға аттанды

Спорт • 07 Мамыр, 2021

Қазанда күш сынасуда

Спорт • 07 Мамыр, 2021

Өзекті мәселелерге назар аударылды

Парламент • 07 Мамыр, 2021

Шет елдегі қазақ генералдары

Қазақстан • 07 Мамыр, 2021

Ұқсас жаңалықтар