Аймақтар • 30 Қазан, 2019

Алматыда 2020 жылы 17 мектептің құрылысы басталады

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы  2020 жылдан бастап Алматы қаласында 17 мектептің құрылысы басталады. Бұған қоса алдағы 4 жылда 11 мектепке, 12 балабақшаға қосымша құрылыс алаңдарын салу жоспарланған. Сондай-ақ, 400 жекеменшік балабақша ашылады деп күтілуде.

Алматыда 2020 жылы 17 мектептің құрылысы басталады

 – Мұндай ауқымды құрылыс таяудағы бес жылда 51 мың оқушы орнын, балабақшаларда 23 мың орын ашу міндетін шешуі тиіс. Бұл мектептер мен балабақшалардағы қазіргі орын тапшылығын жояды, алайда, біздің болжамымыз бойынша, бұл жоғары көші-қон өсіміне және бала туу көрсеткішінің көптігіне байланысты жеткіліксіз болмақ, – деген болатын Алматыны дамытуға бағытталған кеңесте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ келесі жылдың басында 790 орынды 5 балабақша және жаңа оқу жылының басында ­3 мектеп пайдалануға беріледі. Олардың біреуі жеке инвестиция есебінен салынуда.

 

 

АЛМАТЫ