Аймақтар • 31 Қазан, 2019

«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан тура бір жыл бұрын Үкіметтің Қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының орындалу барысы кеше Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында талқыланды. 

«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде

Жобаға бір жылда 17,5 мың солтүстікқазақстандық қатысушы болыпты. Соның ішінде 14 мың адам жұмыспен қамтылған. Ал 9 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылған. Қазір кәсіпкерлікке 2 мыңнан аса адам оқып жатыр. Осының нәтижесінде өңірде жеке кәсіпкерлердің үлесі артып, қазір олардың саны 3200 адамға көбейіпті.  

«Өз-өзін қамтамасыз еткендерді азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және бизнесті дамыту – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Биыл жеке кәсіпкерлер көбейді. Олар несие алып, кәсіптерін ашты. Осы жұмысты жалғастыру керек», деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің сөзінде.