Қоғам • 01 Қараша, 2019

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қатары толықты

85 реткөрсетілді

Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына ресми түрде қабылдау рәсімі өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шара аясында «Жас Сарбаз» балалар студиясының 130 тәрбиеленушісі салтанатты түрде ант қабылдады.

Олар көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді.  

Шәкірттерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Қадыржанұлы Таласов «Жас Сарбаз» ұйымының тәрбиеленушісі екендігін растайтын куәлікті табыс етті.

«Сіздерді бүгінгі «Жас сарбаз» қатарына қосылуымен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық және оқуда табыс тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары және патриоттары болыңыздар! Елбасы айтқандай «Өз Отанынды ыстық сүйіп, қадір-қасиетін ешқашан түсірме, Қазақстанды өз жүрегінде мақтанышпен алып жүріңдер!», деп Мұхамеджан Қадыржанұлы шәкірттерді құттықтады.

Бүгінгі күні елімізде 6 198 әскери-патриоттық бағыттағы осындай сыныптар мен клубтар жұмыс істейді.  Оған 179 224 тәрбиеленуші мүше. Ант қабылдау рәсімі жастарды әскери-патриоттық тәрбие беруде жан-жақты дамытуға, жобаларды іске асыруға, әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуға бағытталған ынтымақтастықты орнатуға арналады. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, оларға Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Олжас Сәндібек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 17:13

Ең қысқа әңгіме. Талғат Ешенұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 17:09

Ең қысқа әңгіме. Нұрдәулет Қабасов

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 17:08

Ең қысқа әңгіме. Ғанибет Ғалымбекұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 17:02

Ең қысқа әңгіме. Ермек Бегзада

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 16:56

Ең қысқа әңгіме. Нұрназар Түрікбен

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 16:41

Күлкі керуені № 15

Руханият • Бүгін, 09:53

Кішкене оқырмандарға естелік

Руханият • Бүгін, 07:26

Мәлік өнегесі – мәңгілік

Аймақтар • Бүгін, 07:21

Ойқала оғланы

Аймақтар • Бүгін, 07:18

Әлем кубогы кімге бұйырады?

Күрес • Бүгін, 07:10

Сан-Марино да гол салды

Футбол • Бүгін, 07:07

Сортаң жер шаруашылық соры

Экология • Бүгін, 06:57

Қаратау неге қаһарлы?

Қоғам • Бүгін, 06:32

Ұқсас жаңалықтар