Ә.Смайылов пен У. Мозер Қазақстан-Америка қатынастарының дамуын жоғары бағалады. Бұған 2018 жылы Вашингтонда Елбасы Н. Назарбаевтың АҚШ Президенті Д. Трамппен кездесуінен кейін кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің сапалы жаңа деңгейге көтерілгені оң әсер еткені анық.
Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында АҚШ-тың саяси, сараптамалық және іскер топтарымен кездесулерін атап өтті.
Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің даму қарқынын талқылады, соңғы екі жылда осы салалардағы көрсеткіштердің айтарлықтай өскенін атап өтті. Мұнымен қоса, қазіргі жаһандық ортада Қазақстанның қаржы жүйесін дамыту туралы пікір алмасып, салық жүйесін модернизациялау, мұнайға тапшылықты азайту және Ұлттық қордан аударымдар көлемін төмендету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту мәселесін сөз етті.
Ә. Смайылов АҚШ-тың санкциялар саясаты аясында екі ел үкіметінің Қазақстанның мүддесін қорғау үшін тиімді іс-қимылын атап өтті. Тараптар осы салада үнемі консультациялар жүргізуге дайын екендіктерін хабарлады. Сұхбат барысында, тараптар Джексон-Вэник түзетулерінің Қазақстаннан алынып тасталуы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түседі деген пікірге келді.
Мұнымен қоса, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомурамен және елде тіркелген БҰҰ агенттіктері мен бағдарламаларының басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында 2015 жылы Қазақстанда бекітілген, тұрақты дамудың 17 жаһандық мақсаттары бар 2030 жылға арналған тұрақты дамудың күн тәртібін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ә.Смайылов өз сөзінде атап өткендей, 2030жылға бекітілген күн тәртібінің жүзеге асуы, адамзатты кедейліктен құтқаруға және жаһанды «сауықтыру» секілді әлемдік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанда тұрақты даму орталығын іске асыру және локализациялау барысы туралы пікір алмасты, қол жеткізілген оң нәтижелерді атап өтті және осы мақсаттарды одан әрі іске асырудағы проблемаларды сөз етті.
Осыған байланысты, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Тұрақты даму Мақсаттарын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі шеңберіндегі қызметті жандандыру қажеттігін атап өтті, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және БҰҰ елдері тобына кіреді.
Сөзін қорытындылаған Ә. Смайылов БҰҰ өкілдерінің барлық ұсыныстары мен ұсынымдары жан-жақты талданып және ағымдағы қызметте пайдалану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетінін айтты.