Аймақтар • 02 Қараша, 2019

Глубокое ауданында регби үйірмесі ашылды

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін бұл ауданда регби спорты болмаған екен.

Глубокое ауданында регби үйірмесі ашылды

регби

Глубокое ауданының Предгорное ауылында жақында регби үйірмесі жұмысын бастапты. Ауданға ауыл балаларын жаттықтыру үшін Өскеменнен жас маман келіпті. «Бұған дейін бұл ауданда регби спорты болмаған екен. Жұмысқа кіріскеніме бір апта ғана болды. 12 қыз бен 24 ұлды іріктеп, үш команда жасақтадым. Бес күн бойы тоқтаусыз жаттығамыз, енді сенбі күні дайындалу үшін зал сұрап отырмыз» дейді өзін Алёна деп таныстырған жас жаттықтырушы.

 Негізі өзі Тараздың тумасы екен. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері деген атағы барын жеткізген ол Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды бітіргенін айтты.

рег 1

Красноярск ауылдық округінің әкімі Олег Егоровтың айтуынша, жас маманға Өскемендегі балаларға арналған облыстық спорттық мектеп арнайы штат бөліпті. «Балалар жаттығып жатқан спорттық алаң биыл облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен бөлінген қаражатқа салынды. Мұндай қаражат төртінші бюджет деңгейіне өткен ауылдардың барлығына бөлінді. Ауылдағы өзін өзі басқару қауымдастығымен ақылдаса келе осындай алаң салуды жөн деп шештік. Бұл жерде жазда регби, қыста хоккей ойнауға болады. Менің ойымша, мұндай хоккей қорапшасы облыста аз. Аумағы 320 шаршы метрді құрайтын алаң канадалық стандартпен салынған» дейді ол.

Шығыс Қазақстан облысы,

Глубокое ауданы,

Предгорное ауылы