Ауыр атлетика • 04 Қараша, 2019

Беларусьта топ жарды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Беларусьтің Гродно қала­сында ауыр атлетикадан Alexander Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қыздар арасында сынға түскен қазақстандық Екатерина Быкова жеңімпаз атанды.

Беларусьта топ жарды

Жарыс жолына 71 кило салмақта шыққан отандасымыз қос сайыс нәтижесі бойынша 210 кило зілтемірді өзіне бағындырып, халықаралық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Ал күміс жүлдені польшалық Иоланта Вьор (195 кг) олжаласа, қола медаль израиль­дік Марина Оманға (175 кг) бұйырды. Турнирдің бірінші күнінде 55 кило­дағы тағы бір жерлесіміз Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын.

Алдағы уақытта отандастарымыздан жарыс жолына жуырда ғана Тайландта өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Игорь Сон (55 кг) және Рио Олимпиадасының жеңімпазы Нижат Рахимов пен қола жүлдегері Денис Уланов (81 кг) шығады.