Қоғам • 04 Қараша, 2019

«Алтын күз» – ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мереке

37 реткөрсетілді

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан.

Бұл мезгілде халық несібесі, ел ырзығы ғана жиналып қоймайды, сондай-ақ оның осы кезеңде ұрпақты еңбекке, отансүйгіштікке баулу, табиғатты тану, Жер ананың қасиетін білу және басқа да игі істер негізінде тәрбиелеу ісінде орны айқындала түседі.

Мәселен, жыл сайын мол байлығын ұсынар күз маусымы келгенде мектептер, балабақшалар тақырыпқа сәйкес безендіріліп, осы бағыттағы түрлі танымдық-мерекелік шаралар тәрбиелік мәні зор құралға айналады. Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетейік, таяуда Нұр-Сұлтан қаласындағы №18 «Аяжан» балабақшасында «Алтын күз» шарасы ұйымдастырылып, жас өскіндердің таным-түсінігіне оң әсерін тигізетін мағлұматтар берілді, тәрбиеленушілер өздері жаттаған тақпақтарын айтып, көріністер қойды. Соның ішінде, аталған балабақшаның «Бүлдіршін» тобындағы тәрбиеленушілер «Алтын күз» мерекесіне тыңғылықты дайындалғандарын көрсетті.

«Бүлдіршін» тобының тәрбиешісі, ұзақ жылдар білім беру, жастар тәрбиесі саласында бар қажыр-қайратын жұмсап еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман Тұрдыгүл Алдамұратқызы Хожабаеваның айтуынша, №18 «Аяжан» балабақшасының ұжымы балаларды жақсылыққа үндеу, игі істерге баулу бағытындағы шараларды ұйымдастыру барысында еліміз үшін маңызы зор атаулы күндердің, түрлі мерекелердің мән-маңызын ашып көрсете отырып, оларды тиімді пайдалануға басымдық береді.

6

«Жыл сайын мамыражай жететін күз мезгілінің халық үшін қашанда маңызы зор. Оның артықшылықтарын айтып тауыса алмайсыз... Біз әрбір күз маусымы келген сайын балаларға оның мән-маңызын, ырзық-несібесін түсіндіру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Мұндай шаралар кезінде балалар өздеріне ұнайтын жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер бейнеленген немесе соларға ұқсастырыла тігілген киімдер киіп, тақпақтар айтып, қойылымдар көрсетеді. Бұл өз кезегінде жас өскіннің өз туған жерінің қасиетін ұғынуға, табиғатты сүюді үйренуге көмектеседі», дейді Т.Хожабаева.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа үлгідегі көліктер

Қоғам • Бүгін, 09:08

Grand Slam жарысында белдеседі

Спорт • Бүгін, 08:30

Мексикалықтың қарсыласы атануы мүмкін

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:29

Оқырманмен ой бөлісті

Руханият • Бүгін, 08:17

Қиянатқа қарсы тұрған газет

Руханият • Бүгін, 07:49

Жемқорлық жерге қаратады

Қоғам • Бүгін, 07:48

«Бір сынаған жаманды...»

Аймақтар • Бүгін, 07:46

Ерлі-зайыптылардың ерлігі

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Ел игілігін еселеген жан

Руханият • Бүгін, 07:32

Ең қымбат ұлттық брендтер

Әлем • Бүгін, 07:23

Теңгенің тегеуріні

Қаржы • Бүгін, 07:21

Сенім капиталы

Экономика • Бүгін, 07:18

Қор алдында үлкен міндеттер тұр

Қазақстан • Бүгін, 07:04

Ұқсас жаңалықтар