Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №463
Сенбі, 18 мамыр 2013 0:58
2013 жылғы 8 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
«Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 858-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі):
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі):
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем
болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 90 %-нан кем болмауы тиіс»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу үшін шетелдік жүмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы):
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 82 %-нан кем болмауы тиіс».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.