Аймақтар • 05 Қараша, 2019

Алматыда қар тазалайтын техникалар жұмысқа дайын

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаланың барлық қар тазалайтын арнайы техникасы жұмысқа 100% дайын екенін хабарлады. Бұған дейін «Қазгидрометтің» ауа райын ұзақ мерзімді болжауы бойынша Алматыда 5-10 және 23-30 қараша аралығында қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін»,- деп болжанған болатын.  

Алматыда қар тазалайтын техникалар жұмысқа дайын

Биылғы қыс маусымыда қар тазалаумен 993 арнайы техника және 1320 жол жұмысшылары айналысады. Егер қар қалың жауатын болса, қосымша 150 самосвал машиналары тартылмақ.

Оқыстан болатын оқиғалардың алдын алу үшін жолды тазалауға кететін уақыт нормативін ескере отырып, барлық арнайы техникалар қозғалыстарының бағыттары және бекітілген учаскедегі қар тазалау технологиясы бойынша жаттығу сабақтары өтетін болады.

«Алматы тазалық» МҚК қар тазалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қала тұрғындары мен қонақтарын көліктерін рұқсат етілмеген жерлерде қалдырмауға және жолда болатын кептелістерге түсіністікпен қарауға шақырды.