Аймақтар • 05 Қараша, 2019

Алматыда екі жаңа метро стансасын салуға 22 млрд теңге бөлінеді

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Сарыарқа» және «Достық» метро стансасын салуға республикалық бюджеттен 2020-2021 жылдары 21,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті хабарлады. 

Алматыда екі жаңа метро стансасын салуға 22 млрд теңге бөлінеді

«Екі стансаның құрылысына республикалық бюджеттен 21,9 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар республикалық бюджетті қайта қарау бойынша жыл соңына дейін игерілетін қосымша 2 млрд теңге көзделді», - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Жалпы «Мәскеу» бекетінен «Достық» стансасына дейінгі аралықты қамтитын екінші өткізу кешенінің бірінші желісін салу құны 68,1 млрд теңгені құрайды. 2013 жыл мен 2019 жыл аралығында 43,6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның 35,9 млрд теңгесі республикалық бюджеттен. Алдын ала болжам бойынша «Сарыарқа» мен «Достық» станцияларының құрылысы 2021 жылы аяқталады. Естеріңізге сала кетсек, Алматы метрополитенінің бірінші желісі 2011 жылы 1 желтоқсанда пайдалануға берілсе, оның екінші желісі 2015 жылы сәуір айында іске қосылды. Алғаш пайдалануға берілген бұл желілер «Райымбек», «Жібек-Жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов атындағығы театр.

Алматы метрополитені 9 бекеттен тұрады. Оның 8-інің атауы ұлттық тарихи даму дәстүрімен айшықталған. 

Мәскеу бекетін жоспарлағанда екі мемлекеттің бас қалаларының достық қарым-қатынасын дамытуға басымдық берген. Әлемдегі метролардағы бекет аялдамалары бір-біріне ұқсас келеді екен. «Осылардың ішінде Алматы метросындағы бекеттер бір-бірінен өзгешеленіп тұруымен құнды» дейді сарапшылар.