Спорт • 05 Қараша, 2019

Дзюдо: Еуропа біріншілігі аяқталды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Ижевск қаласында 23 жасқа дейінгі дзюдошылар арасындағы Еуропа біріншілігі (U-23) өз мәресіне жетті.

Дзюдо: Еуропа біріншілігі аяқталды

Айтулы жарыста жергілікті балуандар табысты өнер көрсетті. Атап айтсақ, Ресей құрама командасы мүшелері арасынан Рамазан Абдоллаев (60 кило), Мұрад Шопанов (66 кило) және Тұрпал Тепкаев (81 кило) бас жүлдені олжалады. Венгрия құрамасы қос алтынға қол жеткізді. Ол жүлделердің иегерлері – Роланд Гоз (90 кило) бен Ричард Сипокз (+100 кило). Сондай-ақ, әзірбайжандық Рашид Мамедалиев (73 кило) мен беларуссиялық Даниэль Мукет (100 кило) өз салмақ дәрежелері бойынша өткен белдесулерді өз қарсыластарын бет қаратпай ұтты.

Әйелдер сайысында Грузия құрамасы озды. Олар қос алтынға қол жеткізді. Ол жүлделердің иегерлері – Этери Липартелиани (57 кило) мен Мариям Цхантурия (70 кило). Өзге алтын медальді ресейлік Дария Пишкалева (48 кило), бельгиялық Амбер Рюхеул (52 кило), венгриялық Дзофи Озбас (63 кило), черногориялық Йованна Пекович (78 кило) және германиялық Самира Боузгарне (+78 кило) иеленді.