22 Мамыр, 2013

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы № 8

301 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы № 8

Сәрсенбі, 22 мамыр 2013 0:53

2013 жылғы 18 қаңтар Астана қаласы

«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі №183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес,бұйырамын:

1. «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі №183 бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 16 тамызда № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Сәрсенбі, 22 мамыр 2013 0:53

2013 жылғы 18 қаңтар Астана қаласы

«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі №183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес,бұйырамын:

1. «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі №183 бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 16 тамызда № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесінде:

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесіне қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Интренет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасарына (А.Ашуев) жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға Ә. Смайылов.

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

А.С. Мамытбеков _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің

(Монополияға қарсы агенттік) төрағасы

Ғ.Р. Әбдірахымов _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

Б.Т. Жұмағұлов _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 «КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

С.З. Қайырбекова _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

С.С. Әбденов _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару

агенттігінің төрағасы

Қ.М. Отаров _________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа

технологиялар министрі

Ә.Ө. Исекешев _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі

А.Қ. Жұмағалиев _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

Б.Б. Жәмішев _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі

Ә.Р. Жақсыбеков _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі

Н.Ж. Қаппаров _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері агенттігінің төрағасы

С.К. Нокин _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі

Д.Қ. Мыңбай _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің төрағасы

А.М. Байменов _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі

С.М. Мыңбаев _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру

істер агенттігінің төрағасы

Т.А. Ермегияев _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі

Е. Ыдырысов _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу

агенттігінің төрағасы

М.М. Оспанов _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк төрағасы

Г.А. Марченко _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

Т.А. Мұсабаев _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі

Қ.Н. Қасымов _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және

сауда министрі

Е.А. Досаев _____________

2012 жылғы «____» ___________

 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 8 бұйрығына қосымша

2012 жылғы «14» шілдедегі № 183 Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесіне қосымша

Нысан

 

Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат

____________________________________________________________

(Мемлекеттік орган атауы)

 

Әкімшілік деректер атауы

Қалыптастыру кезеңділігі

Жинау нысаны (электронды түрде, қағазда)

Ақпараттық жүйенің бар болуы

Мемлекеттік жіктеуіштердің коды мен атауы

Ведомстволық жіктелімдердің коды мен атауы

1

2

3

4

5

6

7

             
             

 

Осы кестені толтыру бойынша түсініктемелер.

1) 2 бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жинайтын) ақпараттарының қысқаша сипаттамасы. Яғни, ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жинақталатын ақпараттар қосылмайды.

2) 3 бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алу (жинаудың) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда келесі мәндерге жол беріледі -түсу шамасы бойынша, – қажеттілік бойынша, – күн сайын, – апта сайын, – ай сайын, – тоқсан сайын, – жарты жылда 1 рет, – жыл сайын);

3) 4 бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда әкімшілік дереккөздермен қалыптастырылған ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.

Келесі мәндерге рұқсат етіледі:

«электронды түрде» (егер әкімшілік деректерді жинау электронды түрде жүзеге асырылатын болса);

«қағаз тасығышта» (егер әкімшілік деректер жинау қағаз тасымалдауышта жүзеге асырылатын болса);

Егер ақпарат жинау қағаз тасығышта және электронды тасығышта да жүргізілетін болса, екі мәтіннің бір уақытта болуына рұқсат беріледі.

4) 5 бағанда әкімшілік деректер алу (жинау) үшін ақпараттық жүйенің болуы көрсетіледі. «Иә» немесе «жоқ» деген мәтіндерге рұқсат етіледі;

5) 6 бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректер алу (жинау) кезінде қолданылатын жіктеуіштердің (жіктелімдерді ретке келтіру және сәйкестендіру мақсатында қалыптастырылған жіктелімдердің жүйелендірілген тізбесі) атауы тізбеленеді (техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік жіктеуіштер ғана көрсетіледі);

6) 7 бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректер алу (жинау) кезінде қолданылған жіктеуіштердің атауы тізбеленеді (әкімшілік дереккөздермен әзірленген және бекітілген ведомстволық жіктелімдер (белгіленген тәртіппен министрліктер мен ведомстволардың белгілі саласында ресми статистикалық ақпаратты өндірісте қолдануға арналған жіктеуіш, номенклатура және анықтамалық) көрсетіледі);

 

Ескерту:

1. Жіктелім әдісі сатылы немесе фасеттік болуы керек;

2. Ведомстволық жіктелімдерді кодтау кезінде кодтаудың мынадай түрлері қолданылуы қажет:

1) бірізділік;

2) параллельдік;

3) реттік;

4) сериялық-реттік.

3) Ведомстволық жіктелімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында ведомстволық жіктелімдер айқындамасының әр коды үшін келесі директивалар қолданылады:

1) «К» – «Күші жойылған», айқындаманың күшін жою;

2) «Е» – «Енгізу», жаңа айқындама енгізу;

3) «Ө» – «Өзгерту», айқындама атауын өзгерту.

4) Ведомстволық жіктелімнің әр элементі бойынша элементтің «басталу күні» және «аяқталу күні» көрсетіледі.

5) Ведомстволық жіктелімдерді қайта қарастырғанда және өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде сәйкестендіру кестелерін (өтпелі кілттерін) қоса беру қажет.

6) Ведомстволық жіктелімдер және сәйкестендіру кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL форматында беріледі.

7) Ведомстволық жіктелімдердің күші жойылған жағдайда әкімшілік дереккөздер жіктелімнің күші жойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 24 қаңтарда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8291 болып енгізілді.