Қазақстан • 05 Қараша, 2019

Халықаралық Түркі академиясына Антал Хейзер келді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды. 

Халықаралық Түркі академиясына Антал Хейзер келді

«Бүгін Халықаралық Түркі академиясына (International Turkic Academy) Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Антал Хейзер арнайы келді. Жақында ғана тағайындалған Антал мырзаның алғашқы ресми кездесуін Түркі академиясынан бастап отыруы бекер емес.

Былтыр академияға бақылаушы болған, биыл Будапештте Түркі кеңесінің арнайы офисін ашқан Атилла ұрпақтарының түркі ынтымақтастығына ықыласы айрықша.

Осыдан бес жыл бұрын басталған белсенді байланыстарымыз қысқа уақытта өз нәтижесін берді.

Біз бүгінгі кездесуде елші мырзамен біраз мәселелерді пысықтап алдық. Алдағы жоспарларды талқыладық.
Жемісті өткен кездесу үшін елші мырзаға алғыс айтамыз!»,деп жазды Д. Қыдырәлі.