Қазақстан • 06 Қараша, 2019

«Алтын адам» Афинаға жол тартты

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі осы жылдың 11 қарашасында Грекияның Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрмесін ашады. Аталған іс-шара «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылуда.

«Алтын адам» Афинаға жол тартты

Көрменің мақсаты – елі­міздің тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрер­менді таныстыру. Оған ең алдымен еліміздің символы – «Алтын адам» қойылады.

«Қазақ Тутанхамоны» деген ат беріліп, «ғасыр жаңалығы» деп танылған дала билеушісінің тәжіндегі қанатты алтын пы­рақ әшекейлері Қазақстан Рес­пуб­ликасы Елтаңбасының бөл­шегіне айналып, ал Алтын адам­ның мүсіні Алматыдағы Тәуел­сіздік алаңына орнатылған.

Жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасын жариялады. Ауқымды шара шеңберіндегі көрмелер Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Малайзия және Түркия музейлерінде үлкен жетістікпен өтті.

Афина эпиграфиялық музе­йіндегі көрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әше­­кей­леп тұрған конус пішін­ді ерекше бас киімді Алтын адам­ның реконструкциясын және осы жас сақ жауын­гері­мен (археологтардың пікір­лері бо­йынша 17-18 жас­тар шамасын­да) бірге жерлен­ген ерте темір ғасы­рының (б.д.д V-IV ғғ.) архео­логиялық олжа­ларының коллекциясын тамашалауға болады.

Көрмеге Қазақстан Респуб­ли­касы Ұлттық музейінің қор­­ларынан барлығы 144 зат ұсынылады.