Спорт • 06 Қараша, 2019

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) атқару комитетінің отырысы өтіп жатыр

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Котовице қаласында Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің алқалы жиыны өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет жане спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) атқару комитетінің отырысы өтіп жатыр

Ұйымның күн тәртібінде ДДҚА президентін, вице-президентін жаңа мерзімге сайлау, әлеуметтік зерттеулер, денсаулық, медицина, допингке қарсы ұйымның халықаралық стандарттарына шолу және өзге де өзекті мәселелер көтеріледі.

Конференцияға спорттың барлық түрінен 2 мыңға жуық делегат шақырылған. Бұл басқосуға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Асқар Есімов,  Қазақстанның Допингке қарсы ұлттық орталығының директоры Майра Бақашева қатысуда.

1

Конференция аясында қазақстандық делегация ДДҚА бас директоры Оливье Нигглемен, Азия кеңсесінің директоры Казухиро Хайашимен (Kazuhiro Hayashi) екіжақты кездесулер өткізеді.

Іс-шара 7 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, ДДҚА биыл өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Ал Қазақстан Республикасы Допингке қарсы ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1718 қаулысына сәйкес құрылған мемлекеттік ұйым.

ҚазДҚҰО қызметі халықаралық допингке қарсы заңнамалық актілерге сәйкес. Орталықтың негізінде Орта Азия Өңірлік допингке қарсы үйымы (RADOCA) жұмыс істейді, ол Орталық Азия бойынша Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Ауғанстан Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы және Моңғолияда іс-шараларға бағыт-бағдар беру жолында қызмет атқарады.

ҚазДҚҰО негізгі миссиясы спортшыларға ақпарат беру және оларды әділ және адал ойын қағидаттарын және спортты допингтен сақтау үшін қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз ету.