Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қарақия тұрғындарын қабылдады

183 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов Nur Otan партиясы Қарақия аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Құрық ауылының әкімі М.Төлегенов және әр салаға жауапты бөлім басшылары мен мамандар шақырылды. Бұл туралы филиалдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Қарақия тұрғындарын қабылдады

Қабылдауға келген 20 тұрғынның арызы қаралды. Тұрғындар мәселесінің басым бөлігі баспана, жұмысқа орналасу, денсаулық жайында, көшелерде жарықтың болмауы, қоқыс мәселесі, жер телімі және жеке сұрақтар. Қоғамдық қабылдауда бірқатар азаматтардың мәселесі оң шешілді.

Солардың бірі Ақтау қаласының тұрғыны Гельман Нұрдаулет «МРЭК» АҚ мекемесінде жұмыс істейді. Ақтау-Құрық арасында қатынап жүргендіктен, ауыл ішінен жатақхана сұрайды. Бұл азаматтың арызы қанағаттандырылды. Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы Н. Садақбаеваға тапсырма берілді.

Баспана мәселесі бойынша шағымданған тұрғындардың бірі жасынан жетім Әбдіғали Ислам үй кезегінде тұрып, одан заңсыз шығарылып тасталғанына наразылығын айтты. Қабылдауға келген Бикешова Іңкәр 2017 жылы туылған құлағы нашар еститін қызының құлақ аппаратын жаңасына ауыстырырып беруді сұрады.

Тағы бір тұрғын Құрық ауылы Авиатор көшесінде жарық шамдарының жоқ екенін айтып арызданды. Бұл мәселе «МРЭК» АҚ мекемесімен толықтай шешілетін болып келісілді. Құрық ауылы 3 шағын ауданның  5,6,7 үйдің бір топ тұрғындары балалар ойнайтын алаң сұрады.

Ескірген футбол алаңына да жөндеу жұмыстарын қажеттігін алға тартты. 

- Бұл мәселелер бұрыннан бар, біз арнайы комиссия құрып, ауланы қарап, мәселенің шешімін табатын боламыз, - деді Құрық аулының әкімі М. Төлегенов.

 Тұрғындардың басым көпшілігі жұмысқа орналасу бойынша көмек сұрады. Әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов жауапты мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Nur Otan партиясы Қарақаия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көшеновке арыздардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Тамыз айында Nur Otan партиясының кеңейтілген отырысында партия Төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықпен байланысты күшейтуді, оның ішінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандыруды тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та «қоғаммен байланыс­ты нығайтып, халыққа есеп беріңдер» деді.

Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы қоғамдық қабылдауы өзіне жүктелген міндеттерді жақсы түсінеді. Мемлекеттік органдар, мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері жыл басында бекітіліп, партияның ресми сайтына, БАҚ-та жарияланған кесте бойынша азаматтарды қабылдайды. Қабылдауға күніне 10-15 адам келеді, тиісінше арыз-талаптарға партияның заңгері заң аясында кеңес береді. Nur Otan партиясының «Заңгерлік көмек» жобасы аясында меморандумға сай, өңірдегі білікті заңгерлер, медиаторлар тұрғындарды қабылдайды. Қабылдау бойынша облыста партияның «Кедергісіз келешек» акциясы, «Ашық есік» күндерінен бөлек, көшпелі қабылдаулар да өтеді.