Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Ақтауда жолаушылар автобусы жаңартылады

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов айтты.

Ақтауда жолаушылар автобусы жаңартылады

Қала ішінде автобус көлігі арқылы жолаушы тасымалдаумен жеті бағыт бойынша (№2,3,4,4М,5,7,Әуежай-Ақтау) халыққа қызмет көрсетілуде. Аталған бағыттардың барлығы 74 автобуспен қамтылған.

Қаламыздың жолаушылар тасымалдау автобустарын жаңарту жұмыстары жоспарлануда.

Сонымен қатар тұрғындардың өтініштеріне сәйкес №2,3,5 маршруттардың жүру бағыттары өзгертілді.

Сондай-ақ автобустардың уақыты мен интервалын біліп отыру үшін «ИнфоБас» мобильді қосымшасы халыққа ұсынылды, қазіргі таңда шамамен 25 000 жуық адам мобильді қосымшаны қолданады.

Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша қоғамдық көлік автобустарының 50%-дан жоғары бөлігі ауыстыруды қажет етеді. Аталған мәселені шешу үшін тасымалдаушы мекемелерге «БРК-Лизинг» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиемен автобус сатып алу үшін облыстық әкімдікке және «Каспий» ӘКК ҰҚ» АҚ 2017 жылдан бері ұсыныс беріліп келе жатыр.

-Қазіргі таңда «Сарыарка Автопром» ЖШС бірлесіп, 34 «Yutong» маркалы автобусты алуға облыстық бюджеттен 220,9 млн теңге бөлінген. «Yutong» маркалы автобустар сығымдалған метан газымен жүреді. Осы жобаны іске асыру мақсатында «Каспий» ӘКК ҰҚ» АҚ және «КазТрансГазӨнімдері» ЖШС сығымдалған метан газ стансасының құрылысын салуға меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар «Каспий» ӘКК ҰҚ» АҚ автобус паркінің құрылысын салу жоспарлануда,- деді қала басшысы.

Қаланың тасымалдаушы мекемелердің өз тараптарынан автобус сатып алуға мүмкіндіктері жоқ. Себебі, жолақысының құны барлық шығындарын жабуға жетпейді (республика бойынша ең төменгі жолақы 50 теңге). Жолақысының көлемін методикалық есеп бойынша 80 теңге дейін көтеру қажет екендігін айтты.

Сонымен қатар 10 санат бойынша 2500 адам және көпбалалы ана санаты бойынша 1500 аса адам қоғамдық көлікте тегін жүру рұқсатын алып отыр. Осыған орай, тасымалдаушы мекемелерге мемлекет тарапынан қаржылай (субсидия) көмек көрсетілу қажет.

 

 

Маңғыстау облысы