«Бұл қадам саясаткерлерге әлеуметтік желіде өтірік айтуға кедергі келтіреді деп күтілуде. Кейбірі Дорсидің бұл шешімін Facebook компаниясының бас директоры Марк Цукербергке тікелей жауап деп бағалап отыр. Жақында ол Facebook саяси жарнаманы шектемейтінін айтқан еді» деп жазады басылым.
2018 жылы Twitter саяси жарнамадан кемінде 3 миллион доллар пайда тапқанын айта кету керек. Дегенмен, биыл жылдың бір кварталында 700 млн доллар табыс түскен. Яғни, бұл шешімнен Twitter ешқандай шығынға ұшырамайды.