Аймақтар • 07 Қараша, 2019

Түркі әлемінің мәдени астанасына айналады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбековтың "Елбасы және түлеген Түркістан» атты мақаласын бір деммен оқып шықтым. Мұнда тарихи қаланы түрлендірудің маңыздылығы мен Елбасының тарихи шешімінің мәні егжей-тегжейлі түсіндірілген.

Түркі әлемінің мәдени астанасына айналады

Хан-сұлтандар мәңгілік тұрақ тапқан киелі Түркістан қаласы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен облыс орталығы ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мәдени астанасына, рухани орталығына айналмақшы. Осы мақсатта бүгінде шаһар алып құрылыс алаңына айналған. Осыдан екі-үш апта бұрын көрген орынды қайта оралып келгеніңде тіпті танымай қаласың. Ерекше үлгіде жасалған субұрқақтар, сылқ-сылқ күліп аққан бұлақ суы, ғажап үлгідегі ғимараттар, гүлзарлар, айрықша жасалған  жәдігерлер шаһардың шырайын үстей түскен.

Құрылыс жұмыстары қызу қарқын алған қалаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы келіп, осындағы қарқынды жұмыс барысымен танысуы халықтың шаһардың ертеңіне деген сенімін арттырды. Өйткені бұл шаһардың гүлденуінің, қайта жаңғыруының, жарқырауының бастауында Елбасының өзі тұруы көңілге қуаныш ұялатады.

 

Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА,

Қазақстанның халық ақыны