Президент • 08 Қараша, 2019

Қазақстан мен Ресей Президенттеріне бірқатар бірлескен жобалар таныстырылды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Ресей Президенттеріне бірқатар бірлескен жобалар таныстырылды

«XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің шекара маңы аумағының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Президенттерге дайын инвестициялық жобалардың пулы ұсынылды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінің Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы көрсетілді. Жол картасына сәйкес бес жыл ішінде 40-тан астам автомобиль және темір жолдардағы өткізу бекеттері толықтай жабдықталады», делінген хабарламада.