Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы № 69
Сенбі, 1 маусым 2013 1:03
2013 жылғы 25 ақпан, Алматы қаласы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының бесінші – он үшінші абзацтарын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сенбі, 1 маусым 2013 1:03
2013 жылғы 25 ақпан, Алматы қаласы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының бесінші – он үшінші абзацтарын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г.Марченко.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
4-6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тәуекелдердің өтелуін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуі;»;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
«36-1. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында да, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында да жүзеге асырылуы мүмкін мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) сәйкес мәмілелер жасау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы нарықта орналастыру кезінде олармен мәмілелер жасау;
3) шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666 тіркелген) белгіленген ең төменгі рейтингісі бар мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;
4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;
5) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жағдайларын қоспағанда, банк болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәмілелері ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Банк болып табылмайтын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен кез келген мәмілелері осы Ереженің 37-1, 37-2 және 38-тармақтарында белгіленген ерекше жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалуы тиіс.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында да, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында да жүзеге асырылуы мүмкін мәмілелерді жасаудың мынадай:
1) Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған (ұсынған), № 358 нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттық ұйымдастырушыларының жүйелерінде айналысқа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздармен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингісін белгілеу туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666 тіркелген) белгіленген ең төменгі рейтингісі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
4) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларымен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында «репо» және «кері репо» операцияларын жүргізу;
5) меншікті облигациялармен мәмілелер жасау;
6) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 27-баптарына сәйкес акционерлік қоғамның (оның ішінде екінші деңгейдегі банктің) өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы;
7) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды өткізу;
8) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау немесе конвертациялау;
9) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;
10) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 тіркелген) қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларында айналыстағы акцияларымен (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) мәмілелер жасау;
11) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес заңды тұлғалардың акцияларымен немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерімен мәмілелер, сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздармен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағына сәйкес мәмілелер жасау;
12) базалық активі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын депозитарлық қолхаттармен мәмілелер жасау;
13) екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалатын бағалы қағаздармен мәмілелері жағдайларын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықта мәмілелер жасайды.».
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6290 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесінде:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Инвестициялық портфельді Басқарушының клиенттеріне тиесiлi ақшаны есепке алу және сақтау инвестициялық басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу мен сақтауды қоспағанда, инвестициялық портфельді Басқарушы өзімен үлестес емес, бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және мынадай талаптардың бiрiне сәйкес келетін:
Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингісі немесе Moody’s Investors Service, Fitch агенттiктерiнiң немесе олардың еншiлес рейтингiлік ұйымдарының (бұдан әрi – басқа рейтингiлік агенттiктер) осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiлік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттiгiнiң ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар;
Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резиденті емес-бас банктің Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктері болып табылатын;
Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бiрiншi (ең жоғарғы) санатына енгiзiлген эмитент-банктер болып табылатын банктерде ашқан банк шоттарында жүзеге асырылады.
Инвестициялық портфельді басқарушыға басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу және сақтау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік кастодиан-банктерде ашылған шоттарында жүзеге асырылады.».
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7507 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облигацияларды иемдену жөніндегі мәмілелер облигацияларды сатып алу күнінде қалыптасқан әділ нарықтық бағасы бойынша жүзеге асырылады.».
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 10 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8412 болып енгізілді.