Аймақтар • 08 Қараша, 2019

Вице-министр мешітте кездесу өткізді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітінде қалалық мешіттер имамдарымен кездесті.

Вице-министр мешітте кездесу өткізді

Суретті түсірген:Фархат Әміре

Орталық мешіт қызметінің хабарлауынша, Вице-министр имамдардың қазіргі уақытта жүргізіп отырған жұмыстарын жоғары бағалап, назар аударуға тиіс басым бағыттарды түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар жуырда ғана өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың маңыздылығына тоқталды.

Марат Әзілханов жат ағымдармен күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, имамдар басымдық беруге тиіс бағыттар жайында әңгіме қозғады.

Сондай-ақ вице-министр имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.