Президент • 08 Қараша, 2019

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Омбы әуежайында шығарып салды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Омбы әуежайында шығарып салды

«Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық Форумы іскерлік бағытта өткенімен, кездесулерде достық ниет айқын көрініп тұрды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің келіссөздері, Форумның жалпы отырысы сындарлы әрі салиқалы сипатта өтті. Екі елдің көшбасшылары талқыланған барлық мәселелер бойынша бір пікірде болды, ортақ шешімге келді. Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрметі мен ілтипаты оның Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салғанынан анық байқалды» делінген хабарламада.