Аймақтар • 08 Қараша, 2019

Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы келді

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметтік жұмыс тобының мүшелері халықпен, жұмысшылармен, денсаулық сақтау және білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар әлеуметтік және мәдени нысандарды, ауылдарды аралайды.

Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс  тобы келді

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Бүгін сапар барысында Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы «Балаларды оңалту орталығын» аралап көрді.

Орталық тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балаларға кешенді әлеуметтік-медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар 1 айдан 1 жыл уақыт аралығында ем қабылдай алады.

Орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Ернұр Қаленовтің айутынша, қазір 110 бала тегін ем алуда. Олар үшін арнайы медбике және көмекшілер жұмыс істейді. Күніне алты мезгіл тамақтанады.

Сонымен қатар бассейн, толығымен жабдықталған физиотерапия бөлмесі орналасқан. Орталықтың жылына 300-ге дейін баланы ем-шарамен қамтуға мүмкіндігі бар.

Облыста 2635 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның ішінде 489 баланың тірек-қимыл аппараты бұзылған. 2018 жылы 181 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Ағымдағы жылдың 10 айында 152 бала оңалтудан өткен.

Бұдан кейін Үкіметтік жұмыс тобының  мүшелері Оқушылар сарайында болды. Балалар техносаябағын аралап көрді.

Техносаябақта оқушылар тегін білім алады. Олармен 14 педагог жұмыс істейді. Техносаябақ техникамен, 3D принтермен жабдықталған. Оқуышлар түрлі жобаларымен республикалық байқауларға қатысып тұрады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында құрылған саябақта IT-сынып, Start-Up Academy, 3D-модельдеу және роботкешенді зертханалары, астрозертхана, телестудия жұмыс істейді,-дейді сарай басшысы  Алма Ерубаева.

-Білімнің сапалы болуы біріншіден - ата-анаға, екіншіден – мұғалімге, үшіншіден,билікке байланысты, деп атап өтті Бердібек Сапарбаев педагогтар қауымымен кездесуінде. – Сол үш тармақ бірігіп жұмыс жасаса, білім сапасы жаман болмайды.

Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі 15 байқауға қатысып, 39 марапатқа ие болды. Қазір барлығы 3 мыңнан астам оқушы мен 152 педагог білім мен тәрбие беруде.

Ал, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова «Жас Дарын» мамандандырылған мектебінде болды.

Шолпан Таңатқызы білім ордасының ұстаздары мен оқушыларымен кездесіп, жаңа STEM-лаборотория және оқу кабинеттерін аралап шықты.