Аймақтар • 09 Қараша, 2019

Ақтауға ақпараттық керуен ат басын тіреді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпараттық керуен - Жастар жылы аясында жастар арасындағы әлеуметтік бірлікті, мәдениетті дамытуды мақсат тұтқан жоба этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен басталған.

Ақтауға ақпараттық керуен ат басын тіреді

Игі шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» әлеуметтік жобасының шеңберінде министрліктің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ грантын іске асыру аясында Ұлттық Дельфий комитеті белсенді қазақстандық жастарды біріктіруді көздеп отыр. Яғни, ақпараттық керуен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіретін болады.

Айта кететін жайт, ақпараттық керуен Ақтауға дейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарындағы сапарларын сәтті аяқтады және 650 адамды қамтыды.

Керуен жастардың бойында жалпыұлттық бірлік мәдениетін қалыптастыру, мәдениет бағыттары бойынша білім беру алаңдарын ашады. Әлеуметтік жобалар зертханасы – «әлеуметтік лифттер» платформасын, білім берудегі инновацияны дамыту, «Қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бизнес-инкубаторы.

Жобаға модератор-бапкерлер ретінде этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері, мәдениет қайраткерлері, спикерлер ретінде білім беру, мәдениет, тарих және бизнес саласындағы қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысуда. Өз баяндамаларында спикерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қазақстан тарихы, мәдениеті, экология, білім беру әдістемесі, бизнес, полиэтника, әлеуметтік жобалар зертханасы және тағы басқа қызықты салаларға ерекше назар аударады.

 

 

Маңғыстау облысы