Жаңартылған автовокзалда жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, нысан ішінде билет кассалары мен күту залынан бөлек асхана, ана мен бала бөлмесі де қарастырылған. Енді Ақсу-Аюлының бұл автобекетінен тек облыс орталығына ғана емес, басқа ауылдарға және Балқаш қаласына да автобустар қатынайтын болады.
Автовокзалдың ашылу салтанатында аудан әкімі Марат Жандәулетов өңірде көлік қатынасының әлі де дами түсетінін атап өтті. Сонымен қатар ол инфрақұрылымды жақсартуға үлес қосып, инвестиция салғаны үшін кәсіпкер Қуаныш Хамитұлы мен оның әріптестеріне алғыс айтты.
Қарағанды облысы