Елімізде «Қамқоршылар күні» жыл сайын қазан айының 29-ында атап өтіледі. Мақсат – қамқоршылар мен қорғаншыларды қолдап, патронаттыққа алынған бүлдіршіндерді, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы үлгісінде тәрбиелеуді насихаттау.

Ал аудан орталығы Көктөбе ауылының Жалтыр орта мектебінде өткен «Мейірімді жүрек» мерекелік шарасы аудандағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға және олардың қамқоршылары мен қорғаншыларына арналды. Шақырылғандардың барлығына да «Мейірімді жүрек» төсбелгісі тағылды. Айтса айтқандай-ақ, мейірімді ізгі жандардың көбеюінен елімізде қазір балалар үйлері жабылып, жетім балалар саны азайып келе жатқаны белгілі. Жалтыр мектебінде өткен шараға келгендердің бірі – қамқоршы Райхан Тілеукина болса, ол өзінің бауырының балалары Рината мен Амиранды тәрбиелеуде.
– Бауырыма басқан осы екі баланы «Балалар үйіне» өткізбейін деп өз қамқорлығыма алдым. Балалар үйінде балалар саны азайса, аман-есен жеткізсем, осы аманатымды орындасам деймін, – дейді Райхан апай.
Көктөбе ауылында тұратын Қуаныш Көшербайұлы Төлеу Әрсеннің, Людмила Жұмаділова Бауыржан Жұмаділовтың, Любовь Шиябутдинова Алина Серікбаеваның, Гүлжан Қадырбекқызы Данельдің қорғаншысы және Ратмир, Тамир, Лиана Мингазутдиновтардың қамқоршысы, Динара Доғалақова Мейрамгүл мен Айшагүл Доғалакованы, Күлпан Иманшарипова Оналқан Қазбекті, Раиса Аязбаева Ділмұхамед Аязбаевтарды тәрбиелеуде.
Әрқайсысы әртүрлі тағдырлы балаларды бауырларына басып, мейірімді жүрек, аялы алақан жылылығын сыйлауда. Барлығы да қамқорлығына алған ұл-қыздарды балалар үйіне бермей, өз балаларымен бірдей көріп, бағып-қағып өсіруге аманат арқалаған жандар.
– Балаларды балалар үйіне жібере алмаймын. Өсіріп, жеткізем. Бәріміз бір қазаннан ас ішеміз. Бір қазан ас бәрімізге де жетеді, – дейді Саты ауылының тұрғыны Құралай апай.
Мейірімді жандардың қатары аз емес, мысалы, Қаратерек ауылының тұрғыны Сәбира апай Атанбай Алдиярға, Қайынжамал апай Саида Мұқтарова мен Арнат Көпежановқа қамқоршы болып тағайындалған. Малайсары ауылының тұрғыны Қайырбек ағамыз Әлішер Қазбековты өз қамқоршылығына алған азамат екен. Ал Құралай Рысбекова Зарина, Азат Социалдардың қамқоршысы.
Сонымен қатар Май ауылының тұрғыны Балтабай Қуат Данара Балтабайдың қамқоршысы, Баскөл ауылының тұрғыны Назым Сейфуллақызы Әлинұр Надырбаевтың патронаттық тәрбиешісі. Майтүбек ауылының тұрғыны Владимир Белоус Руслан Түстікбев, Александр Плаксенконың қамқоршысы, Алмагүл апай Риза Қазбекованың қорғаншысы.
Иә, жетімдерге жан жылуын сыйлаған осындай қамқор жандар ортасында отырып, әңгімелерін тыңдағанда көзге жас келеді. Қамқорлығына алған балаларына деген үлкен жауапкершілікті, жылылықты, мейірімді бауырмалдықты байқайсыз.
Қорғаншылар мен қамқоршылар балаларға өздерінің туған әке-шешесіндей бола алмас. Бірақ тағдырдың қатал сынына ұшырап, отбасынан ажырап қалған балаларға қамқорлық көрсетіп, бауырына басатын жандардың арамызда болғаны көңілге демеу.
– Бүгінгі шара әлеуметтік жетімдіктің алдын алу негізінде ұйымдастырылған. Мақсаты – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасылық жылуды және қамқорлықты сезіндіру. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балалар үшін елімізде арнайы қорғаншылық және қамқорлық органдары жұмыс істейді. Осындай балаларды іздеп, тауып, оларды орналастырып, тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыру бізге жүктелген, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Орынбасар Темірболатова.
Ауданда қамқоршыларды бір-бірімен таныстыру, кездескен қиындықтарды шешу жолдары жəне өзара тəжірибе алмасу және психологиялық қолдау мақсатында арнайы тренингтер өткізіледі.
– Мақсат – ата-анасынан айырылған балаларға қамқор болып отырған қамқоршыларға ілтипат білдіру. Басқа ата-аналарға оларды үлгі-өнеге ретінде насихаттап, жүрек жылуын ояту. Бала тәрбиесі – баршаға ортақ іс. Сондықтан ауданда ауылдық аумақтағы ақсақалдар, әйелдер кеңесі, жастар қанаты бірлесе жұмыс істеуде, – деді іс-шараға қатысқан аудан әкімі Марат Ақтанов.
Іс-шараға келушілер арасында Людмила Архиповна Ирина Ёлкинаның, Асият Кеңесқызы Максим, Алексей Перстнёвтердің, Денис Ковалев Андрей Ковалевтің, Юлиананың, Әсел Қасыбаева Төлеу Серіктің, Әсия Асхатқызы Нұрсултан Қайдаровтың, Любовь Волобуева Юлия, Алина Калиниченколардың қамқоршылары болды.
– Жалпы, ауданда жетім және ата-ананың қамқорлығынан қалған балалардың саны – 33, ал қамқоршылардың және қорғаншылардың саны – 22 адам. Қазір жетімдерді қамқорлықтарына алған отбасылар қатары көбейіп келеді. Аудандық білім бөлімінің қолдауымен «Қамқоршы күнінде» жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды бауырына басқан жүректері мейірімге толы, ізгі жандарға құрмет көрсеткіміз келді, – дейді аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мәдина Құсайынова.
Іс-шара аясында жетім балаларға жан жылуын сыйлаған қамқор жандарға аудан әкімдігі тарапынан сый-сыяпат жасалып, құрмет көрсетілді. Әлбетте қорғаншылар мен қамқоршылар өз міндеттеріне ақша талап етпейді. Сондықтан қабылдаушы отбасында баланың сәтті бейімделуі, отбасы тәрбиесіне алынған балаға деген сүйіспеншілігі, шыдамдылығы және еңбегі үшін қамқоршылар мен қорғаншыларға алғыс айтылды.
Пайғамбарымыз жетімнің басынан сипағанға оның қанша тал шашы болса, сонша сауаптан жазылатынын айтқан. Бұл ізгілікті сауап ата-ана мейірімінсіз өсіп келе жатқан балаларды бауырына басқан жандарға арналғандай.
Павлодар облысы,
Май ауданы
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Ұқсас жаңалықтар