Руханият • 12 Қараша, 2019

Қаһарманға құрмет

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Ха­лық қаһарманы Ра­қым­­жан Қошқар­баев­тың 95 жылдығына орай «Намыс пен Рух» атты рухани-патриоттық кеш өтті. Жеңіс туын тік­кен қазақ батырына арналған іс-шара елор­­дадағы Рақымжан Қош­қарбаев ескерткіші алдында гүл қою мен тағ­зым етуден басталды.

Қаһарманға құрмет

Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, өскелең ұр­пақ­тың жадында ерліктің сим­волы ретінде сақталуы ке­рек­тін айтты.

– Рақымжан Қошқар­ба­ев­­­тың фашистерге қарсы со­ғыстағы ерліктері қазіргі ұрпақ үшін үлгі болуы тиіс. Бү­гінгі іс-шараның мақ­саты – батыр Рақымжан Қошқарбаев екінші дү­ниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен батырларды еске алу. Бұл бағыттағы біздің жұ­мысымыз міндетті түрде жал­ғасады, – деп атап өтті Бақ­тияр Мәкен.

21 жасында жаң­­­­­бырдай жауған оқ­тан жас­қанбаған лейтенант Ра­қым­­жан Қош­қарбаев пен қа­­тардағы жауынгер Гри­горий Булатов, фа­шистер ор­­дасына бәрiнен бұрын же­тiп, жеңiс туын Рейхстагқа тiккені дүйім жұрт­қа мәлім. Қ.Қуанышбаев театрының әртістері қайтпас қай­сарлық танытқан батыр­лардың осындай қым-қуыт тағдыр жолын арқау еткен сахналық көріністі ел назарына ұсынды. Қазақ эс­традасының жарқын жұл­дыздары па­триот­тық ән­дер шырқап, сап түзеген ұландар жырдан ша­шу шашты.