Теннис • 12 Қараша, 2019

Бублик төмендеп, Рыбакина жоғарылады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңарды. Ерлер арасында қазақ­стандық спортшы Александр Буб­лик ТОП-50 теннисшінің қатары­нан шығып қалса, қыздар арасында Еле­на Рыбакина сәт сайын жоғарылап келеді.

Бублик төмендеп, Рыбакина жоғарылады

Ерлер арасындағы рейтингтік көш басында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Испаниялық Рафаэль Надаль алдына жан салмай келеді. Екінші орында Сербияның саңлағы Новак Джокович орналасса, үздік үштікті швей­цариялық Роджер Федерер түйіндеп тұр. Ал қазақстандық теннисшілер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Буб­лик 10 саты төмендеп, 58-орынға жайғас­ты. Михаил Кукушкин 67-орнын сақтап қалса, Дмитрий Попко үш саты жоғарылап 186-орынға тұрақтады.

Қыздар арасында аустралиялық Эшли Бартидің бағы жанып тұр. Жасыл құрлық өкілін чехиялық Каролина Плишкова мен жапониялық Наоми Осака өкшелеп тұр. WTA рейтингінде «ТОП-100» теннисшінің қата­рына да үш отандасымыз еніп отыр. Олар – Юлия Путинцева (34-орын), Елена Ры­бакина (36-орын) және Зарина Диас (78-орын).