«Скит» жаттығуы бойынша Эдуард Ещенко асқан шеберлік танытып, барша қазақстандық жанкүйерді қуантты. Шешуші тұста ол өзінің басты қарсыластары – үндістандық Сингх Гарча мен қытайлық Ву Ляньлянға сан соқтырып, бас жүлдені олжалады.
Сайыстың дәл осы түрінен қыздарымыз да олжаға кенелді. Жастар буыны арасындағы жарыста көптен бері көзге түсіп жүрген Зоя Кравченко Қытайдың қос мықтысы – Сун Чжэнью мен Сунь Яшуды ғана алға жіберіп, қола медальді мойнына ілді.