Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елордадағы үлескерлік құрылыс пен тұрғын үй қолжетімділігі туралы баспасөз мәслихаты өтті. Оған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

– Елордадағы өзекті мәселенің бірі – үлестік құрылыс. Тұрғындардың оған зор қызығушылық танытуының бірден-бір себебі – үлеске қатысқан кездегі пәтер құнының төмендігі. Солай бола тұра оның қауіп-қатері де бар. Мәселен, құрылыс мерзімінің ұзаққа созылуы немесе компания басшылығының үлескерлерді алдап кетуі сынды жағымсыз жайттар тіркелуде. Соның салдарынан дауға қалған нысандар пайда болады, – деді Алтынбек Қайсағалиев.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың жəне тұрғын үй-құрылыс кооперативтері төрағаларының жұмысы нəтижесінде сондай 51 нысан 48-ге дейін азайды. Бұл – 13054 үлескер үміт еткен 71 тұрғын үй. 3 нысан пайдалануға беріліп, тағы 7 нысан жыл соңына дейін пәтер иелеріне табысталмақ. Сондай-ақ 2660 үлескердің тағатын тауысқан 19 нысан бойынша іс-қимыл жоспарлары айқындалды. Бұл жұмыстар инвесторларды тарту арқылы дербес жүзеге асырылады. Ал 10394 үлескерді үздіктіріп, айрықша мәселеге айналған 29 нысан құрылысы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аяқталады.
Оған Ұлттық қордан мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 40 млрд теңге қарастырылыпты. Əкімдіктің уəкілетті ұйымы саналатын «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС оның 6 млрд теңгесін игерсе, жыл соңына дейін тағы 14 млрд теңге тиісінше жұмсалмақ. Қалған 20 млрд теңге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында игерілетін болады. Сөйтіп алдағы 3-4 жыл мұғдарында дауға айналған нысандар құрылысын толық аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мақсатта биыл 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, 2020 жылы – 20 нысан, 2021 жылы – 7 нысан, 2022 жылы – 9 үй, 2023 жылы 4 нысан құрылысы тәмамдалады.
Қала әкімінің орынбасары кей нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасыз тұрғызылғанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ сараптама қорытындысы мен қаржылық-техникалық аудиттік болмауы да жұмысты жүйелі жүргізуге көп кедергі келтірген екен. Алтынбек Қайсағалиев келешек үлескерге кеңес ретінде алдымен Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің ресми сайтына кіруді, құрылыс салушыларға ақша тартуға берілген рұқсат туралы мəліметтермен танысуды ұсынды.
– Қазақстанда қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары тұрғын үй-құрылысының белсенді дамуын қамтамасыз етті. 2005 жылдан бастап бірнеше мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жаңа тұрғын үйлерді қолданысқа беру көлемі артты. Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері барлығы 141 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтеріп, 1 млн 300 мың адамның баспана мәселесінде жағдайы жақсарды. Нәтижесінде, кейінгі 10 жылда 1 қазақстандық азаматтың баспанамен қамтылуы 31%-ға ұлғайып, 21,9 шаршы метрге жетті. Түпкі мақсатымыз – 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 30 шаршы метрге жеткізу, – деді Мархабат Жайымбетов.
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар