Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1162
Сенбі, 8 маусым 2013 1:24
2012 жылғы 7 қыркүйек Астана, Үкімет үйі
«Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 каулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,2005 ж., № 38,533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
«2709 00 900 б» деген сандар «2709 00 900 9» деген сандармен ауыстырылсын;
«Баж ставкасы (1 тонна. үшін доллармен)» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Баж ставкасы (1 тонна үшін доллармен)
40
168,88
112,59
112,59
112,59».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі кабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.