Қоғам • 13 Қараша, 2019

Техникалық байқау талапқа сай ма?

519 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Биыл жазда интернетте автокөліктер мен түрлі техникаларға жүргізілетін техникалық байқауды WhatsApp арқылы ресімдеуді ұсынған хабарландырулар тарап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елдегі аталған қызметтің заңға сәйкес өтетініне күмән келтірген болатын. Тіпті азаматтардың жеке көлігін техникалық байқаудан босату туралы да ұсыныстар айтылған екен.

Техникалық байқау талапқа сай ма?

Мұндай келеңсіз жағ­дай қо­ғамды алаңдатпай қой­ма­сы анық. Осыған орай атал­ған іске бақылау жүргізу өкі­лет­тігі бар Ин­дустрия және инфра­құры­лымдық даму министр­лігінің Көлік комитеті бұл мәсе­лені жүйелі зерттей келе тех­ника­лық байқау орталықтарының қыз­метінде туындаған бірқатар кем­ші­лік пен олқылықтың бетін ашты.

Көлік комитеті төраға­сы­ның орынбасары Данияр Қос­пабаевтың айтуына қарағанда, 2012 жылға дейін елімізде техникалық байқаудан уақытында өтпей тәртіп бұзатын көліктердің үлесі көп болатын. Ал мұның өзі жол қозғалысында едәуір қатер тудырады. Автокөліктер мен түрлі техникаларға жүргізілетін мін­детті техникалық байқауды бәсе­келестік ортаға берген сәттен бері техникалық байқаудан өтпе­ген көлік құралдарының үлесі едәуір төмендегені анықталып отыр. Мәселен, 2012 жылы тех­ни­калық байқаудан өтпеген көлік құралдары 13%-ды құраса, 2019 жылы бұл көрсеткіш бар бол­ғаны 5%-ды құрады. Бүгінде көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуді өз құрамында 1500-ден астам техникалық бай­қау орталығы бар 600-ден астам оператор жүзеге асыруда. Яғни, көлік иесі үшін оны техникалық байқаудан уақытында өткізудің ешбір проб­лемасы жоқ және бұл саладағы жемқорлықтың жолы да кесіліп отыр.

Міндетті техникалық бай­қау­ды ұйымдастыру және өткізу тәртібінің сақталуына мем­лекеттік бақылауды жүзеге асыру Индустрия және инфрақұ­рылымдық даму министрлігіне жүк­телген болатын.

Данияр Қос­пабаев­тың айтуына қарағанда, техникалық байқаудан өтпеген көлік құ­рал­дары санының төмен­деуіне бірінші кезекте техникалық байқау орталықтарын (ТБО) ашу рәсімінің оңтайландырылуы, со­ның ішінде ТБО ашу үшін құ­жаттар пакетінің қысқартылуы, екіншіден, шағын және орта бизнеске қатысты бақылау-қа­дағалау іс-шараларын жүргізу бөлігінде жеңілдіктер берілуі (хабарлама тәртібіне көшіру, тізілімге енгізілгеннен кейін ТБО-ның тексеру жүргізуі үшін негіздерді алып тастау) әсер еткен.

Дегенмен «таяқтың бір ұшын бас­саң, екінші ұшы өзіңе тиеді» дегендей мәселені оңайлату ықпалында туындаған өзіндік олқылықтар да бол­май қалған жоқ. Бірінші кезекте бұған жаңадан құрылған байқау техникалық орталықтары мен қоғам­ның өзі моральдық тұрғыдан толық дайын болмай шықты. Соның салдарынан техникалық байқау саласындағы өрескел тәртіп бұзушылықтар («қолмен енгізу», «фотошоп», көлік құралын ұсынбай техникалық байқауды өткізу, жалған диагностикалық карталарды сату) секілді келеңсіздіктер туындады.

Жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты техникалық байқауды өткізу бойынша алаяқтықтың жаңа түр­лері, сондай-ақ оларды Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік стандарттарына және НҚА талаптарына сәйкес келмейтін жерлерде өткізу секіл­ді оқиғалар орын алды.

Осындай жағдайларға орай аумақ­тық көліктік бақылау органдары жа­сан­ды диагностикалық карталарды анық­тау бойынша 150-ден астам рейд­тік іс-шаралар өткізіп, соңғы жарты жыл ішінде ғана диагностикалық кар­таларды қолдан жасаудың 84 фак­тісін анықтады. Қорытындысында тех­­никалық байқау операторларына қа­тыс­ты 26 әкімшілік материал толтырылды, құжаттарды қолдан жасау және алаяқтық фактілері бойынша 2 қыл­мыстық іс қозғалды.

Мамандардың айтуына қарағанда, мұндай алаяқтық түрлерінің қызметі тех­ни­калық байқау нәтижелеріне тү­зету­лер енгізу және оны көлік құра­лын нақты ұсынбай жүргізу түрінде жүзеге асырылады.

Техникалық байқау саласындағы жоғарыда көрсетілген барлық тәртіп пен заң бұзушылықтар мүдделі мем­лекеттік органдар және бизнес өкіл­дерімен бірге талқыланды. Соның нәти­жесінде техникалық байқау сала­сындағы қауымдастықтармен және жоғарыда көрсетілген өкілдермен келі­се отырып, Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму министрлігі «Жол қозғалысы туралы» Заңға жә­не міндетті техникалық байқауды ұйым­дастыру және өткізу ережесіне өзгерістер енгізді. Сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бір­ыңғай ақпараттық жүйенің операторы болып белгіленді.

Жоғарыда көрсетілген алаяқтық әрекеттерді болдырмау бөлігінде «Ұлт­тық ақпараттық технологиялар» АҚ-ны «техникалық байқаудың» бі­рыңғай ақпараттық жүйесінің опера­торы ретінде белгілегеннен кейін тех­никалық байқау нәтижелерін беруді жү­зеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етуді тексеру басталды. Алайда, осы уақытқа дейін қолданылып кел­ген бес бағдарламалық қамтамасыз ету­дің екеуі сәйкес келмегендіктен, «Ұлт­тық ақпараттық технология­лар» АҚ бел­гіленген талаптарға сәй­­кес кел­мейтін бағдарламалық қам­тама­сыз ету арқылы деректерді беру­ді жүзеге асыратын техникалық бай­қау орталықтарынан деректерді қабыл­дауы тоқтатылды. Бұл жағдай 160 тех­ни­калық байқау орталығының қыз­метіне қатысты туындады.

Бүгінде министрлік бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілермен бірлесіп белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тану бөлігінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен осыдан 7 жыл бұрын техникалық байқау қызметін бәсекелі ортаға жіберудің нәтижесінде байқау­дан өту процедурасы көлік иелері үшін жеңіл­дей түскен. Енді соған сәйкес орын алған саладағы бейберекет әре­кеттерді жойып, орталықтардың жұ­мысын тәртіпке келтіру үшін «Ұлт­тық ақпараттық технологиялар» акцио­нерлік қоғамы бірыңғай жүйе дайындапты. Бұдан былай техникалық байқау шарасы осы жүйе арқылы бақыланбақ. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Бекманов бірыңғай талапқа сай болмаған 160 орталықтың бірыңғай жүйеден шығарылғанын айтады. «Техникалық байқау орталықтарының жұмы­сын қамтамасыз ететін бағдар­ламаның талаптарын шілде айында бекіт­кен болатынбыз. Негізі бұл талапт­ар 2017 жылдан бері қолданыста. Бірақ орталықтар ол талапты елемей кел­ген еді. Көлік байқау орталығына кір­ген кезде арнайы бағдарлама мем­ле­кеттік тіркеу нөмірін өздігінен анық­­тауы керек. Яғни қолмен ақпарат енгізу мүмкін болмауға тиіс. Осы та­лапқа сай келмейтін бағдарламамен жұмыс істейтін 160 орталықтың жүйе­ге кіретін кілтін қайтарып алдық. Ен­ді олардың өз бағдарламаларын жетіл­діріп, қатарға қосылуын күтіп отырмыз», дейді Дәу­лет Бекманов.

Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаев аталған орта­лықтардың қазіргі тағдыры олар­ға арнайы бағдарлама ұсынған ресей­лік кәсіпорындарға байланысты еке­нін ескертті. «Қазір техникалық бай­қау орталықтары 5 түрлі бағ­дарламамен жұмыс істейді. Соның үшеуі тексеру­ден сәтті өт­кен. Ал 2 ресейлік бағдарлама тек­серуден өтпей қалды. Бағдар­ла­маны жасаған компания анық­талған кем­шіліктерді жоюды мін­детіне алды. Қосымша тексеруден кейін, ол бағдар­лама да жүйеге енгізілуі мүмкін», деді ол.