Аймақтар • 13 Қараша, 2019

Маңғыстауда қылмысы көп сала анықталды

837 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанна Шыртанова хабарлағандай, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін үш медицина қызметкері сотталды.

Маңғыстауда қылмысы көп сала анықталды

- Тек бірінші жарты жылдықта облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әртүрлі құрылымдар өкілдерінің қатысуымен 123 қылмыс тіркелді, олардың 62-і тергеумен аяқталды, сотқа 47 іс жіберілді,13 адам сотталды. Ең көп қылмыс жер қатынастары саласында 58, денсаулық сақтау саласында  12, құрылыс саласында 5 іс тіркелген, деді Жанна Шыртанова.

Шаралар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, жалпы жауапкершілік, медицина саласында анықталған қылмыстар туралы баяндалды.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы №12 жарлығы негізіндегі өзгерістер, Агенттіктегі жаңа құрылымдар, Парасаттылық департаментінің миссиясы туралы түсінік берілді.
Семинар барысында жиналғандар ойларын ортаға салып, дәрігерлер тарапынан ашықтық пен тазалық болған жерде ғана жемқорлық қатерлері болмайтыны жөнінде әңгімеледі.

Ж.Шыртанованың айтуынша, медицина қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер анықталған жағдайда, азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны арқылы хабарласа алады. Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін, анонимдік сақталады.

 

 

Маңғыстау облысы