Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Алматыда алғашқы ШЕОА INTERACT семинары өтеді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы 18-19 қарашада Алматыда Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Шығыс Еуропа мен Орталық Азия (ШЕОА) аймағындағы АИТВ, С гепатиті және туберкулез мәселелеріне арналған алғашқы ШЕОА INTERACT-2019 семинары өтеді.

Алматыда алғашқы ШЕОА INTERACT семинары өтеді

ШЕОА INTERACT-2019 семинарына ғалымдар, денсаулық сақтау қызметінің қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия, сондай-ақ Еуропа аймағының мемлекеттік шенеуніктері зерттеу мен клиникалық байланыстарды нығайтып, оның әлеуетін арттыруда ШЕОА елдерінің алдында тұрған мәселелерді талқылау үшін жиналмақ.

Екі күндік семинар ШЕОА аймағына оның ішінде Қазақстанға тікелей қатысы бар тақырыптарға, атап айтқанда АИТВ індетіне қарсы тұрудың жаңа табыстары мен мол тәжірибесіне арналады.

Аса маңызды халықаралық шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Шығыс Еуропа мен ОрталықАзиядағы АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ Бас хатшысының арнайы елшісі Мишель Казачкин (Франция), UNAIDS Шығыс Еуропа мен Орталық Азия үшін аймақтық қолдау тобының директоры Виней Патрик Салдана (Швейцария), Амстердам университетінің Жаһандық денсаулық сақтау кафедрасының доценті (Нидерланды) және Канададағы Макгилл Университетінің қоғамдық денсаулық сақтау және тұрғын халық медициналық факультетінің профессоры Кэтрин Хенкинс, «Психиатрия-наркология» Минск облыстық клиникалық орталығының бас дәрігері Алексей Александров (Беларуссия), AFEW International атқарушы директоры Анке ван Дам  (Нидерланды) сынды ықпалды тұлғалар қатысады.

Соңғы жаңалықтар