Жүздесу барысында Мәслихат депутаттары Парламент Сенатының заң шығару қызметімен танысты. Кездесуге қатысушылар бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және орындауға қатысты бірқатар мәселені талқылады, экономиканың, кәсіпкерлік-тің, өнеркәсіп пен инновацияның өзекті мәселелері көтеріл-ді.
Салалық комитеттің төрағасы Серік Жақсыбеков Сенат депутаттары заңдарды орындалуына мониторинг жүргізумен қатар жергілікті өкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.
Отырысқа қатысушылар елордадағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұдан былай өзара іс-қимыл аясында жұмыс кездесулері мен кеңестер өткізу жоспарланды.