Қоғам • 15 Қараша, 2019

Алматылықтар тегін медициналық тексеруден өтті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айтулы шара шаһардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде өтті. «Денсаулық акциясы» аясында ұйымдастырылған шараға 100-ден астам қала тұрғыны келіп,  тіс дәрігері, хирург пен көз дәрігері сынды білікті мамандардың кеңесін алды.

Алматылықтар тегін медициналық тексеруден өтті

Мамандардың сөзінше бұдан былай көшпелі медициналық тексеріс алдағы уақытта үш ай сайын ұйымдастырылып тұрмақ. Олар осы уақытқа дейін 8 акция өткізген. Онда 900-ден астам тұрғын тегін қаралыпты.

«ХҚКО-ға келіп едім. Тегін тексеруден өттім. №36 емхана ұжымы барлық жағынан қарап жатыр екен. Қан қысымымызды өлшетіп, рентгеннен өттік, көзімізді тексерді, қан талдауын тапсырдық. Бұл  игі бастама екен», дейді емханаға келген Айсара Қожабекова.    

«Көп азаматтар өзінің қан қысымының жоғары екенін білмейді. Оның ішінде артериалдық гипертензия екенін білмейтін науқастар да бар. Оларға өз ұсыныстарымызды айттық. Сонымен қатар өздерінің емханасына барып есепке тұруға,  дәрілерін уақытында  қабылдап, тиісті емшара қолдануына нұсқау бердік», дейді Алматы қаласы Наурызбай ауданы №36 емханасының отбасылық дәрігері Руслан Әбдіқасымов.