Ол ЖШС өкілінен 2 млн. 800 мың теңгеге балалардың құрғақ тамағын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын.
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Меркі аудандық сотының үкімімен аталған лауазымды адам пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.