Қазақстан • 16 Қараша, 2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жұмысы сараланды

828 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2019 жылдың 15 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) жалпы жиналысының сессиясы өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жұмысы сараланды

Жиналысқа ҚР білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Ә. Пірімқұлов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы М.Ә.Оразаев, ҚР Парламент депутаттары, көрнекті инженерлер мен ғалымдар, өндіріс мамандары, мемлекеттік басқару органдарының, ірі ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

ҚР ҰИА Президенті Б.Т. Жұмағұлов алғашқы сөзді Білім және ғылым Министрі А.Қ. Аймағамбетовке берді. А.Қ. Аймағамбетов Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Нәдір Каримұлы Надиров, Абылхайыр Қайратұлы Абжалиге "Мұнай шикізатының төмен температуралы вакуумдық-толқындық гидроконверсиясы құбылысы" атты ғылыми жаңалық ашқаны үшін Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторларының Халықаралық академиясының дипломдарын табыс етті. Мұнай өңдеу саласындағы қазақстандық ғалымдардың бұл ғылыми жаңалығы жоғары сапалы отын өндіруді бірнеше есе арзандатып, өнімнің шығуын бастапқы массадан орта есеппен төрт пайызға жоғары көтеруге мүмкіндік береді.

Академия президенті Бақытжан Жұмағұлов өз баяндамасында соңғы уақытта ел ішінде орын алған өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталып, болашақ міндеттерді атап өтті. ҚР ҰИА-ның 2018-2019 жылдары атқарғылған жұмыстарын қорытындылап, қазіргі таңдағы ғылым нәтижесін іске асырудың, оны өндіріспен, бизнеспен тиімді ықпалдастырудың, нарықтың болашақ технологиялық талаптарын қанағаттандыру принципінде жаңа деңгейге көшудің міндеттеріне тоқталды.

Жарыссөзде жобалармен айналысқан ғалымдардың, кәсіпорындар басшыларының баяндамалары тыңдалды:

- Есполов Тлектес Исабайұлы, ҚазҰАУ ректоры, академик (Әлемдік университетке трансформациялану).

- Нупов Құндыз Шамахұлы, ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі («Сары -Арқа» " ғасыр жобасын жобалау ерекшеліктері)

- Климов Павел Викторович, Казтрансгаз АҚ бас директорының кеңесшісісоветник генерального директора АО Казтрансгаз (Көлік саласында компромирленген және сұйытылған табиғи газды қолданудың болашағы)

- Сағитов Абай Оразұлы, «Оңтүстік» агропаркінің директоры («Байсерке-Агро» Агрохолдингі мысалында ауыл шаруашылығындағы инновациялар)

- Ан Евгений Алексеевич, ХИА корреспондент-мүшесі ("Ашық инновациялар мен инновациялық реинжиниринг" парадигмасын трансұлттық деңгейде ғылымның, білім мен бизнестің интеграцияланған үдерістеріндегі айқындаушы фактор ретінде іске асыру)

- Каруна Оксана Леонидовна, ҚР ҰИА академиялық кеңесшісі (Ақпараттық және есептеуіш технологиялар бөлімінің есебі)

- Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы, т.ғ.д., профессор, көлік және коммуникация бөлімшесінің төрағасы, "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті, (Қазақстанның көлік жолдары: проблемалары мен жетістіктері).

ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов негізгі баяндамашының және жарыссөзге шыққан ғалымдар мен инженерлердің баяндамасында көтерілген мәселелерге тоқталды.

ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының жалпы жиналысының Қаулысы талқыланып, қабылданды.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – ҚР ҰИА вице-президентін, академияның толық мүшелерін және корреспоендент-мүшелерін сайлау өтті. Жасырын дауыс беру нәтижелеріне орай, ҚР ҰИА вице-президенті болып Темірбеков Н.М. сайланды. "Интеграция" халықаралық қорының Басқарма төрағасы Терещенко Сергей Александрович ҚР ҰИА Құрметті академигі» атағына ие болды. Сонымен қатар, ҚР ҰИА Конкурстық коммиссия Төрағасы А.А.Құлыбаев академия құрамына сайланған жаңа 4 толық мүшелерін(академиктерді), 22 корресподент-мүшелерін жариялады.

ҚР ҰИА вице-президенті Т.М.Досмұхамбетовтың басшылығымен ҚР ҰИА «Инновациялық технологиялар және агроөнеркәсіп кешені» атты жаңа бөлімшесі ашылғандығы жария етілді.

Төралқа мүшелерінің жаңа құрамына Темірбеков Нұрлан Мұханұлы,Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы ҚР ҰИА тізіміне енгізілді.

Сондай-ақ, «KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин ҚР ҰИА Президенті, академик Б.Т. Жұмағұловты, ҚР ҰИА конкурстык Комиссия Төрағасы, академик А.А. Құлыбаевты, ҚР ҰИА бірінші вице-президенті, академик Н.К.Надировты «Қазақстанның мұнайына 120 жыл» медалімен марапаттады.

ҚР ҰИА Президенті Б.Т. Жұмағұлов ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполовқа «Инженерлік даңқ» медалін табыс етті. Б.Т. Жұмағұлов ҚР ҰИА Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының Төрағасы Жұмахан Үшкемпірұлы Мырхалықовқа «Қазақстанның құрметті инженері» медалін табыстады.

300-ге жуық адам қатысқан жиналыс соңында ҚР ҰИА Президенті Б.Т. Жұмағұлов барлық қатысушыларға рақмет айтып, шығармашылық табыс тіледі.