ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, «Қарапайым заттар экономикасының», сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету аясында өңірге жұмыс сапарымен барды.

Петропавл қаласында ҚР Үкіметінің басшысы жобалық қуаттылығы жылына 6 мың тонна сұйық және қатты сабынды құрайтын, тұрмыстық химия тауарлары мен жуу құралдарын шығаратын «Рим – ҚазАгро» ЖШС фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында кәсіпорын Қазақстандағы мал және өсімдік майларын экологиялық таза өнімге — осыған дейін импортталып келген сабын түйіршіктеріне өңдейтін алғашқы өндіріс болмақ.
А. Мамин Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшылары — «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ мен «Петропавл ауыр машина жасау зауытының» (ПАМЗ) технологиялық жаңғыртылу барысымен танысты.
С.М. Киров атындағы зауыт 2,2 млрд теңгеге заманауи станоктар алды. Жаңа цехта көпқабатты платалар – барлық тұрмыстық техника бөлшектері өндіріледі. Қазақстанда бұл жабдықтың баламасы жоқ. Биыл зауыт қазақстандық брендпен заманауи компьютерлік техника өндірісін игереді, бұл отандық ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және электронды өнеркәсіпті дамытудың маңызды факторы болмақ.
ПАМЗ 39 заманауи өнімділігі жоғары станоктар сатып алды, барлық технологиялық процесс компьютерлендірілген. Тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған термос вагондарды шығарудың жаңа желісі ашылды. Осы жылдың қорытындысы бойынша зауыт өнімдерінің көлемінің 9,4 млрд теңгеге дейін өсімі күтілуде, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,5 есеге артық (3,4 млрд теңге).
Үкімет басшысы Петропавл қаласындағы «Шығыс» ықшамауданында 530 төсек-орынға шақталған көпбейінді облыстық аурухана құрылысы жүргізіліп жатқан жерде капсула салу рәсіміне қатысты. Жобаны 2022 жылдың ортасына қарай мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асырады. Нысан құны – 50 млрд теңге, 350-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. 200 жергілікті дәрігер шетелде біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
Тайынша қаласының аттас ауданында А. Маминнің қатысуымен «Bio operations» зауытының екінші желісі — крахмал мен желімтегін өндіретін цех іске қосылды. Өндіру және өңдеу көлемін 2 есеге арттырып, жылына 300 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Кәсіпорын тартқан инвестициялардың жалпы сомасы 11 млрд теңгеден асады. Биыл желтоқсан айында биоэтанол шығару цехын іске қосу көзделген. Толық қуаттылығына шыққан соң кәсіпорын жұмыскерлерінің саны екі есеге, 500 адамға дейін ұлғаяды.
Қызылжар ауданы Новоникольское ауылында Премьер-Министр Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірінің ашылу рәсіміне қатысты, жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған. Бұрын су тасқыны кезінде ескі көпір су астында қалатындықтан, ауыл тұрғындарының сыртпен байланысы үзілетін. Жаңа көпір 10 елді мекеннің арасын жалғайды.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 193,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңнен 1,1%-ға артық, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі – 585 млрд теңге (+2,6%).
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • Кеше
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • Кеше
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • Кеше
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • Кеше
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • Кеше
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
Руханият • Кеше
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • Кеше
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • Кеше
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • Кеше
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • Кеше
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • Кеше
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • Кеше
МӘМС: Тіркелген тұрғындар үлесі 90 процентке жетті
Қоғам • Кеше
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Экономика • Кеше
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Қоныс аударушыларды қолдау қандай?
Қоғам • Кеше
Алматы облысында 9 айда 1700 көлік апаты тіркелді
Қоғам • Кеше
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Парламент • Кеше
Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды
Үкімет • Кеше
Бизнесті жандандыратын бастамалар
Парламент • Кеше
Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды
Президент • Кеше
Хоккей • Кеше
Футбол • Кеше
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Технология • Кеше
Кино • Кеше
Қоғам • Кеше
МӘМС: қанатқақты жоба оң нәтижесін берді
Медицина • Кеше
Баспаналы болып, бақытқа бөленді
Бағдарламалар • Кеше
Отандық кино өндірісінің күнгейі мен көлеңкесі
Кино • Кеше
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар