Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жаһандық медиакеңістіктегі жаңалықтар мен өзгерістер, бұқаралық коммуникация мәселелері, газет нарығының қыр-сыры, журналистика жанрларының бүгінгі түрлену үдерісі талқыланды.
Өз кезегінде сөз алған «Egemen Qazaqstan» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі бүгінгі іс-шараның мән-мақсатына тоқталды.
Еңбек еткен, дүниеден өткен барша ағаларымызға арнап ас бердік. Оған қазіргі қазақ әдебиетінің патриархы Әбдіжәміл Нұрпейісовтен бастап бүкіл оқырмандарымыз, тұрақты авторларымыз, ардагерлеріміз қатысты. Көрме ұйымдастырылды. Күні кеше Әулиета жерінде тағылымды шара өтті. Дегенмен бүгінгі жиынның мән-мағынасы ерекше. Себебі біріншіден, бұл жерде біздің ардагер ағаларымыз еңбек етеді. Серік Қирабаев пен Қойшығара Салғараұлы ел газетінде қызмет атқарғанын білесіздер. Өмірден озып кеткен Ақселеу Сейдімбек газет бөлімін басқарған» деді ол.
«Egemen Qazaqstan» газетінің Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетімен тікелей байланыста екенін атап өткен газет басшысы кадр дайындау мәселесіне тоқталды.
«Бізде осы факультеттің 13 түлегі қызмет етіп жатыр. Қазіргі таңда газет қызметкерлері едәуір жасарған. Бізде қазір орташа жас – 30. Сондықтан студенттердің көбі бізде практикадан өтеді. Сонымен қатар біз өзімізге кадр даярлау мақсатында «Егемен академия» атты студенттерге арнайы дәріс ұйымдастырған болатынбыз. Оның тұрақты қатысушылары – Еуразия ұлттық университетінің студенттері», деді төраға.
Бас басылымның өткен тарихынан сыр шерткен Дархан Қуандықұлы газеттің бүгінгі жаңалықтарымен бөлісті.
«Газет мерейтойы аясында біз Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарымен бірігіп 5 томдық кітап дайындадық. Оған ғылыми жетекшілік жасаған – профессор Намазалы Омашев. Жалпы кез келген ұжым өзінің дәстүрімен бай, өзінің архивімен бай.
Конференция барысында «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай академик Серік Қирабаев пен тарихшы, қаламгер Қойшығара Салғараұлына арнайы мерекелік медаль табысталды.
Сондай-ақ университет тарапынан білім мен ғылымның дамуына ақпараттық қолдау білдіргені үшін газеттің қаламы қарымды журналистері – Талғат Батырхан, Бекен Қайратұлы, Думан Анаш «Күлтегін» медалімен марапатталып, Амангелді Құрметұлы, Сүлеймен Мәмет пен Жылқыбай Жағыпар арнайы алғысхатпен құттықталды.
Жүзжылдық жылнамасы бар бас басылымның ғасырлық мерейтойымен құттықтаған академик Серік Қирабаев өз сөзінде газет басшылығына ақеділ ризашылығын білдірді.
«Мен «Социалистік Қазақстанға» қоғамдағы бір дүрбелең шақта, орыс диктатурасы дәуірлеп, айтыс-тартыс күшейіп тұрған кезде қызметке бардым. Сол тұста Орталық партия комитетінде «газетті аударма жасау керек» деген әңгіме белең алды. Сонда біздің редактор болады деп қалып қойған жігітіміз марқұм Қасым Шәріпов: «Егер де газет аударма болатын болса, мен орынбасардың орынбасары болуға да ризамын», деді. Оны Жұмабек Тәшенов: «Газетті сен шығармайсың, газет сенің меншігің емес. Тыныш отыр», деп тыйып тастады. Осы Тәшеновтердің арқасында газет аудармаға айналмай аман қалды. Сөйтіп осы бір алағай шақта жұмысқа кіретін менің мәселем жаз ауа созылып, қыста бір-ақ қызметке кірістім.
Мен бұл газеттен көп жақсылық көрдім. «Социалистік Қазақстан» – менің өмірімде» деген мақалам да бар. Мұнда жүріп жазуға да үйрендім. Екінші жағы саясаттан да бейхабар қалмайсың. Қысқасын айтсам, өміріме еңбегі сіңген газет осы», деді ғалым.
«Газеттің бүгінгі мерейтойы жай ғана емес, барша қазақтың тарихы, жүз жылдық шежіресі. Бұл – ұлы мектеп. Маған осы ұлы мектептің тәлімінен өту бұйырыпты. Азды-көпті 17 жыл қызмет істедім. Газеттен көрген ең үлкен жақсылығым – қазақтың сол кездегі маңдайалды тұлғаларымен тілдесіп, сұхбат алуым болды», деп сөз бастаған тарихшы Қойшығара Салғараұлы өзі еңбек еткен жылдарға оралып, естеліктерін ортаға салды.
«Бүгінгі жеткен жетістігім – өмірлік көрген-түйгенім болсын, журналистік машығым болсын – бәрі-бәрі «Егемен Қазақстаннан» жинаған өнегем. Осында қызметте жүріп, түрлі жағдайлармен ұшырастым. Қазалы ауданына тексеріске барып, он адам сотталып, бюросын таратқан кез болды. Бұл менің жазғыштығымнан емес, газеттің беделінен іске асты. Сол тұста басылымның тегеуріні мықты болғаны сонша, талай жабулы істің беті ашылды.
Мен осы газетке журналист болып кіріп, тарихшы болып шықтым. Бүгінгі таңда да газет о бастағы мүддесінен танған жоқ. Қоғамның түйткілді мәселелері басылым бетінен түспей жүр», деді ол.
«Егемен елдің ғасырлық шежіресі» тақырыбында баяндама жасаған филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев: «Жүз жылдық тарихы бар газеттің өткеніне қарасақ, түрлі кезеңдерді көреміз. Бұл басылым қазақтың басына түскен зардаптарды бірге көрген, көтеріскен. Міне, осындай талай сыннан өтіп, ата жасқа жеткен бас басылымның бүгінгі деңгейі де соған сай. Бір ғасырлық уақыт бекер кеткен жоқ. Осы уақытта газет қазақтың қоғамдық академиясына айналды.
Бұл төрт аяғы тең жорға, кемшілік жоқ дегенім емес. Кемшілік кез келген кезеңде болған. Ол сол уақыттың саясатына да байланысты. Дүниеде абсолютті тәуелсіз ештеңе болмайды. Билік бар жерде, партия бар жерде оның ықпалы тиеді», деп ойын ортаға салды.
Бас басылымның Алаш қайраткерлері мұраларына тигізген әсері мен еңбегін тілге тиек еткен газеттің ардагер журналисі Қайсар Әлім: «1990 жылы Шерхан Мұртазаның редакторлығы кезінде газеттің Торғай облысындағы меншікті тілшісі болып қызметке келдім. Одан бері «Егеменде» жарты ғасыр еңбек етіп, өміріме мол тәжірибе жинадым. Міржақып Дулатовтың сүйегін елге алып келуге де осы басылымның ықпалы болды. Міржақып Дулатовтың 6 томдығына кірген мақалаларының көбісі осы «Еңбекші қазақта» жарияланған», деді.
Университет проректоры, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлының модераторлығымен өткен конференцияда ІІІ секция бойынша Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов, Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ, т.б. ғалымдар мен оқытушылар баяндама жасады.
Басылымның 100 жылдық мерейтойы аясында университеттің журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасы «Egemen Qazaqstan» газетінің 10 күндігін» өткізеді.
Онкүндік аясында «Egemen Qazaqstan» газетінің басқарма төрағасы Д.Қыдырәлінің шеберлік сағаты өтеді. Сондай-ақ басылым веб-редакциясының жұмысы, фотожурналистика, дизайн жасау технологиясы жайлы семинар-тренинг, газет тілшілерімен шеберлік сабақтары, кездесу ұйымдастырылмақ.
Әулиекөлде екі бүлдіршін тілсіз жаудың құрбаны болды
Аймақтар • Бүгін, 19:00
Бүгін елордада қар тазалауға 1016 техника мен 1800 жұмысшы жұмылдырылды
Қоғам • Бүгін, 18:53
Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді
Саясат • Бүгін, 18:40
Шалғай ауыл тұрғындары көгілдір отын мен ауыз суға зәру
Қоғам • Бүгін, 18:27
Атырау облысында ауылшаруашылығы мақсатындағы су тапшылығы мәселесі шешімін табады
Аймақтар • Бүгін, 18:24
«Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында оқырмандармен кездесу өтті
Руханият • Бүгін, 18:14
Мәскеу метросында Мұқағалидің өлеңдері жазылған вагон пайда болды
Әдебиет • Бүгін, 18:11
Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 17:58
Мәжілісте жаңа жәрдемақы жайы талқыланды
Парламент • Бүгін, 17:36
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды (фоторепортаж)
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Үндістанда болған өртке байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 16:58
Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 16:51
Жеңіс Қасымбек салынған тұрғын үйлердің сапасын бақылауды талап етті
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Б. Сағынтаев: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет
Қоғам • Бүгін, 16:39
Қазақстандық делегация Түркияның авиациялық билігімен кездесу өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас
Қоғам • Бүгін, 16:13
Алматыда VIII «Бастау» халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті
Кино • Бүгін, 16:04
Абай атындағы опера және балет театрында «Дон Паскуале» операсы қойылады
Руханият • Бүгін, 16:00
Жүзу: Дмитрий Баландин күміс медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 15:56
Кәсіпқойлар арасындағы жарыста да жерлестеріміз дес бермеді
Спорт • Бүгін, 15:49
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
Руханият • Бүгін, 15:41
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
Қазақстан • Бүгін, 15:32
Спорт • Бүгін, 12:56
Каратэ: Жерлестеріміз үш алтын алды
Спорт • Бүгін, 12:49
Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Парламент • Бүгін, 12:31
Қарағандыда «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:16
Парламент Мәжілісінде АӘК реформалау перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:04
Қазақстан бокс федерациясы 2019 жылдың үздіктерін анықтады
Спорт • Бүгін, 11:59
Дмитрий Баландин АҚШ-та топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:54
Алматыда «Поэзия аллеясы» ашылды
Әдебиет • Бүгін, 11:37
Қазақстан Елшісі Мажарстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:34
Грек-рим күресінен Конфедерация кубогын Шымкент қаласы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Ауыл шаруашылығы министрлігі несиелік серіктестіктерінен шығу тәртібін жеңілдетті
Экономика • Бүгін, 11:19
Еркін күрестен Конфедерация кубогын Нұр-Сұлтан қаласы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:13
Бокстан Конфедерация кубогын Түркістан облысы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:05
Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын қабылдады
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкентте жаңа нысандар пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Руханият • Бүгін, 10:41
Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасы кеңеюде
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Қазақстан мен Колумбия визасыз режим орнатты
Саясат • Бүгін, 10:21
Димашты Нью-Йорктегі жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды
Руханият • Бүгін, 09:56
Нұр-Сұлтан қаласында «Елорда жастары 2019» жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 09:36
Түркияда қазақстандық жастар бас қосты
Қоғам • Бүгін, 09:22
Тарих • Бүгін, 07:28
Тарих • Бүгін, 07:21
Аймақтар • Бүгін, 07:18
Қоғам • Бүгін, 07:17
Қазақстанда денсаулықты сақтаудың, нығайтудың және сауықтырудың жаңа жүйесі жасалды
Қоғам • Бүгін, 07:14
Күн тәртібінде – әлеуметтік мәселелерді шешу
Үкімет • Бүгін, 07:11
Әлем • Бүгін, 07:01
Спорт • Бүгін, 07:00
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 06:56
Аймақтар • Бүгін, 06:53
Руханият • Бүгін, 06:51
Қоғам • Бүгін, 06:49
Ұлықбек Есдәулет: Әдебиет әдептен басталады
Әдебиет • Бүгін, 06:47
Қарапайымдылық ханға да жарасады
Руханият • Бүгін, 06:44
Жекпе-жекте жерлестерміз дес бермеді
Спорт • Кеше
Кіріс көзі емес, уақытша қаржылай көмек
Қоғам • Кеше
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Аймақтар • Кеше
Жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген толықтыруларды түсіндірді
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы «AǴYM» көрмесі жас суретшілерге рухани шабыт береді
Руханият • Кеше
Кардиоорталық ұжымы біріктіруге неге қарсы?..
Аймақтар • Кеше
Конфедерация кубогының финалистері анықталды
Спорт • Кеше
Он педагог «Qazsaq» стипендиясына ие болды
Қоғам • Кеше
Көрнекті геолог Дүбек Дүйсенбековке мемориалдық тақта ашылды
Руханият • Кеше
«Желтоқсаншы» жеткіншек еске алынды
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар