«Берлемонт» ғимаратында (Брюссель) – Еуропалық комиссияның орталық штаб-пәтерінде Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқыту бойынша Еуропалық одақтың бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Ауғанстанның ЕО жанындағы елшісі Назифулла Саларзай, Еуропа сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылығы, Халықаралық даму және ынтымақтастық жөніндегі Еурокомиссияның Бас директоры, сондай-ақ БҰҰ ДБ мен БҰҰ Әйелдер ұйымы өкілдері қатысты.
Р.Василенко өз сөзінде Ауғанстандағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу және Орталық Азиядағы өңірлік бейбітшілік аймағын қалыптастыру Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын тағы да растады.
ЕО, Қазақстан және Өзбекстанның үшжақты білім беру бағдарламасы ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау арқылы осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі тиіс.
Осы бастама аясында 2025 жылға дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарында Ауғанстанның 40 студентін оқыту жоспарлануда. Оқыту ауыл шаруашылығы, қолданбалы статистика және тау-кен ісі сияқты мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Тағы 10 қыз Өзбекстанда ауыл шаруашылығын меңгеретін болады.
Р.Василенко ЕО-ға осы бағдарламаны іске қосу жөніндегі қазақстандық ұсынысты қолдағаны үшін, атап айтқанда оны қаржыландыруға 2 млн еуро бөлгені үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ БҰҰ ДБ мен БҰҰ Әйелдер ұйымына бағдарламаның практикалық имплементациясын өз мойнына алғаны үшін ризашылығын жеткізді.
Оның айтуынша, «бағдарлама Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің жаңа көрінісі аясында өңірдің ортақ дамуы үшін тиімді шешімдерді бірлесіп ұсынып және оны жүзеге асыра алатынының тамаша үлгісі болып табылады». Сонымен қатар бұл бастама Брюссель мен Орталық Азия астаналарының Орталық Азия бойынша Еуроодақтың жаңа Стратегиясын іс жүзінде іске асыру бойынша тиімді шешімдер ұсынуға дайындығын көрсетеді.
Қазақстандық дипломат қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ БА-ның 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өз қызметімен Орталық Азияны да, сондай-ақ Ауғанстанды да қамтитын Тұрақты даму мақсаттары бойынша Өңірлік орталық құруды ұсынды. Бүгінде іске қосылған бағдарлама он жеті мақсаттың алтауын – сапалы білім (4-мақсат), гендерлік теңдік (5-мақсат), лайықты жұмыс және экономикалық өсу (8-мақсат), теңсіздікті азайту (10-мақсат), бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар (16-мақсат) және тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікті (17-мақсат) қамтиды.
«Біз алдағы уақытта бұл бағдарлама өзінің құндылығы мен табыстылығын дәлелдейді деп үміттенеміз, бұл, бұрын жоспарланғандай, оны кеңейтуге бағытталған жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Ол Еуразиядағы, Орталық Азиядағы, Еуропалық одақпен, әсіресе Ауғанстанмен ықпалдаса отырып оған қатысты ынтымақтастықтың жаңа тетіктерінің прототипіне айналады деп сенеміз», деп мәлімдеді министрдің орынбасары.
А.Камилов та, Р.Василенко да өз баяндамаларында халықаралық қоғамдастықты Ауғанстанды проблема ретінде емес, жаңа мүмкіндіктер көзі ретінде қарастыруға шақырғанын атап өткен жөн.
Іс-шара аясында Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметі, БҰҰ ДБ және басқа да құрылымдар атынан, сондай-ақ Ауғанстанның ЕО жанындағы елшісі атынан сөйлеген сөздерінде осы бағдарламаның бастаушысы болып, іске асырғаны үшін Қазақстан мен Өзбекстан тарапына жоғары баға мен алғыс сөздер айтылды. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған кезінде, әсіресе 2018 жылғы қаңтарда ҚК-дегі төрағалығы шеңберінде Ауғанстанды тұрақтандыруға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Салтанатты шара аясында БҰҰ Даму бағдарламасы ауған қыздарының тарихын баяндайтын, сондай-ақ олардың Қазақстанда алатын білімінің алдағы уақытта үлкен мүмкіндіктер ашатыны туралы сұхбаттарын көрсететін бейне-ролик ұсынды.
Қазақ күресі жаңа кезеңге аяқ басты
Ұлттық спорт • Кеше
Басылым басшылары - Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ (1889-1931)
Басылым басшылары • Кеше
«Денистің достары» елордаға жиналды
Спорт • Кеше
Еліміздің басым бөлігін тұман басады
Қазақстан • Кеше
Басылым басшылары - Смағұл СӘДУАҚАСОВ (1900-1933)
Басылым басшылары • Кеше
Қарағандыда 27 түлек жас мемлекеттік қызметші мектебін бітірді
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанаты өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Басылым басшылары - Бернияз КҮЛЕЕВ (1899-1923)
Басылым басшылары • Кеше
Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы «Мен қазақпын» челленджін қолдады
Президент • Кеше
Үздік үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы табысталды
Қоғам • Кеше
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жаңа аурухана ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы жастары «Ұлы дала өнері» атты жиырмадан аса көрме өткізді
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне шахмат турнирі өтті
Аймақтар • Кеше
Әжетхана күзеткен мұғалімнің беделі қалай артады?
Қоғам • Кеше
Басылым басшылары - Тәмимдар САФИЕВ (1892-?)
Басылым басшылары • Кеше
Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылды
Руханият • Кеше
Алматы облысының екі ауылында медицина нысаны ашылды
Қоғам • Кеше
Алматы облысында алқа жұтқан сәби аман қалды
Аймақтар • Кеше
Алматы әлемдік қалалар қатарына қосылады
Аймақтар • Кеше
Түркістан: Ұстазды ұстап әкеткен Полиция басқармасының бастығы қызметінен шеттетілді
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019
Түркістан: Полиция басқармасының бастығы «әжетхана күзетпеген» ұстаздан кешірім сұрады
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты
Руханият • 14 Желтоқсан, 2019
Роман Скляр «КамАЗ» зауытының 50 жылдығына арналған іс-шараға қатысты
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2019
Батысқазақстандықтар мемлекеттік марапатқа ие болды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Алматы облысындағы ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Замануи оқу залы Орталық мемлекеттік архивте ашылды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды
• 14 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Тағылым мен тағзым» тақырыбында әсерлі кездесулер легі өтті
Руханият • 14 Желтоқсан, 2019
Санкт-Петербургте ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысы өтті
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы «Ана тілі» аруы» – «Жігіт сұлтаны» байқауында танысқан жастар үйленеді
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысының атына Тәуелсіздік күніне орай жолданған жеделхаттар келіп түсіп жатыр
Президент • 14 Желтоқсан, 2019
Алматы жастарына қала әкімі пәтер кілттерін табыс етті
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Ғалымдар: Адам қыста аз жұмыс істеуі керек
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019
Головкин рингке оралар сәтін тағатсыздана күтіп жүргенін айтты
Бокс • 14 Желтоқсан, 2019
Неймар «Барселонаны» тағы да сотқа берді
Футбол • 14 Желтоқсан, 2019
Қызылжар полицейлері Тәуелсіздік күнін өнерлерімен қарсы алды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі туралы монографияның таныстырылымы өтті
Руханият • 14 Желтоқсан, 2019
Атырау облысы Тәуелсіздік күнін атап өтті
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Алматы қаласында бірінші Томосинтез орталығы ашылды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Алматыда желтоқсаншы қыздардың құрметіне шығармашылық кеш өтті
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» анықталды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Алматының барлық ауданында Тәуелсіздік мерекесі тойланды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Университетте жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019
Ақтауда тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
«Алматы-2050» даму стратегиясы ресми түрде қабылданды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Алматылықтарға мемлекеттік марапат тапсырылды
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы «Парыз», «Алтын сапа» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Асқар Мамин мемлекеттік және партия марапаттарын табыстады
Үкімет • 13 Желтоқсан, 2019
Тарихи-мәдени мұраны сақтау – ұлттың сәйкестендіру коды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты көрме ашылды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Президент пен Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Желтоқсан оқиғасына» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру мәселесі көтерілді
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы балалар дәрігерлері марапатталды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Ұқсас жаңалықтар