Аймақтар • 18 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстанда медициналық көмектің 32 жол картасы енгізіледі

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық көмектің  32 жол картасы мен 3 жедел жоспары қолданылып, ана мен бала өлімін азайтуға, қатерлі аурудардың алдын алуға, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтуге бағытталады.

Солтүстік Қазақстанда медициналық көмектің 32 жол картасы енгізіледі

Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, тұрғындар арасында жиі кездесетін кеселдердің арасында миокард аса қауіпті саналады. Осы себепті жол карталарының ішінде өткір инфаркт, инфаркт миокарды, инсульт, онкология, жарақаттар, босану кезінде көмек көрсету мәселелері басымдыққа ие. Аймақта қан айналымы жүйелері бойынша кездесетін сырқат деңгейі республикалық көрсеткіштен жоғары. Бұл жағдайға қартаюдың жоғары көрсеткіші айтарлықтай әсер етеді.

Облыстағы халықтың 55,8 пайызының жасы 65-тен асып кеткен. Десе де, аталмыш топтағы өлім-жітім көрсеткіші 11,4 пайызға азайған. Соңғы 3 жылда  37,3 пайызға кеміген. Жүректің ишемиялық ауруларынан келетін өлім-жітім 20 пайызға, бас-ми тамырларының жарылуынан болатын өлім деңгейі 9 пайызға азайған.

«Қан айналымы аурулары бойынша 48 мың адам скринингтен өтті. 1380 адамда ауру бары белгілі болды. Анықталған пациенттің бәрі есепке алынып, ем-дом алып жатыр», - дейді Т.Сұлтанғазиев.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін дәрігерлер кардиологиялық аурулары бар азаматтарға көмек көрсету бойынша білімдерін жетілдіруде. Сонымен қатар кардиологиялық орталыққа құны 467 млн теңге тұратын цифрлық ангиограф орнату жоспарланған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы