Спорт • 18 Қараша, 2019

Баскетбол: Саратовта сан соғып қалдық

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баскетболдан ВТБ лигасының кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның «Астанасы» Саратовта жергілікті «Автодор» клубына қарсы өткізді.

Баскетбол: Саратовта сан соғып қалдық

Алғашқы екі кезең 20:19 және 27:23 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Есесіне үшінші кезеңде жерлестеріміз қарқынын күрт күшейтіп, 23:15 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, «Астана» үш ұпаймен айырмашылығымен алға шыққан еді. Алайда соңғы кезеңде «Автодор» алымды көрінді – 28:20. Нәтижесінде бұл кездесу 90:85 есебімен Саратов баскетболшыларының жеңісімен аяқталды.

ВТБ лигасының биылғы маусымында алты кездесу өткізіп үлгерген «Астана» сол бәсекелердің тең жартысын ұтып, тең жартысында ұтылды. Қазір олар жарыс кестесінде сегізінші орында келеді. Өзінің келесі кездесуін жерлестеріміз 25 қарашада Нұр-Сұлтанда Таллиннің «Калев» клубына қарсы өткізеді.