Спорт • 18 Қараша, 2019

ММА: Отандастарымыз олжаға кенелді

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахрейннің астанасы – Манамада аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы  жарыста 50 мемлекеттен келген 500-ден аса спортшы күш сынасты.

ММА: Отандастарымыз олжаға кенелді

Бұған дейін біз жастар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте Ресейді алға жіберіп, екінші орын алғаны жайында жазған едік. Сол бәсекелерде Талшын Жуматаева (70 кило), Фариз Абдалов (52 кило) және Ғани Әділсерік (56 кило) бас жүлдені олжаласа, Айжан Әбдіқадыр (70,3 кило) мен Ерұлан Қабдолов (52 кило) күміспен күптелді. Ал Әйгерім Төреханова (52,2 кило), Инас Әшірбек (56,7 кило), Тыныштық Жәнібек (61 кило) және Досжан Кенжебаев (70 кило) қолаға қол созды.

Жастардың жеңісті жолын еліміздің ересектер құрамасы жалғастырды. Қарсы келгендердің барлығын қоғадай жапырған Бағдат Жұбаныш бас жүлдені олжаласа, Аян Тұрсын, Еламан Шалқымбеков, Қазбек Сағын және Расул Хатаев күміс медальді иеленді. Дастан Амангельді, Олжас Молдағалиев, Саида Хасенова және Ерназ Мусабек үшінші сатыға табан тіреді.